О противопаводковых мероприятиях Күшін жойған
Басқа 0
Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы
Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша жазық жерлерде қардағы судың қоры нормадан Аягөз ауданында 76 пайыз, Зайсан ауданында 50 пайыз, Көкпекті ауданында 62 пайыз, Күршім ауданында 60 пайыз (Теректі селосының ауданында), Үржар ауданында 44 пайыз артық. Қара Ертіс, Қалжыр, Бұқтырма, Тұрғысын, Күршім өзендері мен оларға құятын бұлақтардың су ағынын қалыптастыратын аймағында қардағы судың қоры нормадан 13-27 пайыз кем, Үлбі мен Уба өзендерінде нормадан 20 пайыз кем, Алакөлде нормадан 50 пайыз артық. Солай бола тұрса да, қардың қарқынды еруі өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуін туғызуы ықтимал. Шара қолданбаған жағдайда, елді мекендер, кәсіпорындар мен әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық белгідегі объектілер, жолдар, көпірлер, тау-кен кәсіпорындарының қалдық сақтайтын қоймалары, жасанды және шағын су қоймаларының қауіпті жағдайда қалуы мүмкін.
"Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5- шілдедегі Заңының 5 және 13-баптарына сәйкес және көктемгі су тасқыны мен қар көшкінінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Су тасқынына қарсы 2004 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы (В. П. Кондратьев), "Қазселденқорғау" Шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасының филиалы (М.А. Момбаев), Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасы (Н.Т. Уранхаев), "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (К.Д. Даурембеков), Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасы (Т.Т. Ибраев), Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы (М.Т. Мынбаев) объектілер мен елді мекендер үшін қауіпті су тасқыны, сел және көшкін болуы ықтимал аймақтардағы жағдайды тұрақты түрде бақылауды ұйымдастыру ұсынылсын. Қалыптасқан жағдайды бағалау, оның дамуын болжау және алдын ала ескерту шараларын қолдану мақсатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына апта сайын ахуалды баяндап тұрсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) су тасқынының жағдайы туралы ақпарат алудың айқын сызбасын белгілеп, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 2004 жылғы 25-наурызға дейін тапсырсын;
Тармақша 2
2) су тасқыны кезеңінде жағдайға жедел басшылық жасау жөніндегі Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы - әкім орынбасарының басшылық етуімен жұмыс топтарын құрсын, олардың дербес құрамын, тұрақты мекендейтін орнын белгілесін, кезекші көлік бекітсін;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен әрбір ауданда жанар-жағармай материалдарының қорларын жасасын;
Тармақша 4
4) қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен әкімдердің аппараттарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын, күн сайын (8.30 және 17 сағатта, ал төтенше жағдай пайда болғанда дереу) облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға ақпарат беріліп тұрсын;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлар қаупі туғанда төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен жағалауларды бекіту және бөгеттерді үю жұмыстарын орындау, балласт, инертті және кен емес материалдар, темірбетон құрылмаларын және басқа материалдар олар қажет болатын жерлерге дер кезінде жеткізіп, қорлар жасау жөнінде шаралар қабылдасын, карьерлер, көлік және тиеу техникасы дайындалсын;
Тармақша 6
6) 2004 жылғы 10-сәуірге дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтары әзірленсін;
Тармақша 7
7) әрбір ауылдық округте орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін шаруа қожалықтарының базасында (келісімдері бойынша) ұтқыр механикаландырылған топтар құрсын.
Тармақ 4
4. Зырян және Шемонаиха аудандарының әкімдері мұзбөгеттер пайда болады деп күтілетін орындарда және Уба мен Бұқтырма өзендері арқылы өтетін көпірлер маңында жару тәсілімен алдын ала мұзды босату жұмыстарын жүргізсін, бұл шараларды жергілікті атқарушы органның табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа күтпеген шығыстарға көзделген резервінен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығына (Г.В Темный) апаттан құтқару қызметтері құрамаларының міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз ету және оларды қатты су тасқыны аудандарына жедел жеткізудің әдістерін пысықтау ұсынылсын. Су тасқынына қарсы күрес үшін Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылымдарын қатыстыру жоспарында облыстың тасқын су қаупі туатын аудандарында пайдалану үшін Өскемен, Зырян, Семей қалаларында резервтер көзделсін.
Тармақ 6
6. "Шығыссушар" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (К.Д. Даурембеков), Шығыс Қазақстан Ертіс бассейнді су шаруашылығы бірлестігі басқармасы Өскемен учаскесінің (Р.Ж. Адамов), "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының "Шығыс аймақаралық энергетика жүйесі" филиалының (В.С. Недовесов), "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (И.К. Чонков), "Қазселденқорғау" Шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасының филиалы (М.А. Момбаев) басшыларына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 30-наурызға дейін су қоймаларын, оның ішінде иесіз су қоймаларын зерттеу;
Тармақша 2
2) 2004 жылғы 10-сәуірге дейін су өткізетін, су төгетін қорғаныс және басқа құрылғылардың, электр берілістері желілерінің бағандары мен трансформаторлық қосалқы станциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға тапсыру;
Тармақша 3
3) 2004 жылғы 25-сәуірге дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 2001 жылы өткізілген түгендеу мен төлқұжаттаудың нәтижелерін ескере отырып, су қоймаларын, қалдықтар қоймаларын, су айдындарын, тасқын суды қабылдауға және өткізуге арналған жинақтаушы тоғандарды бекіту мен әзірлеу жұмыстарын аяқтап, хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы (М.Т. Мынбаев), "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы тасымалдау филиалының Семей бөлімшесінің (Т.Т. Бадамбаев), "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы тасымалдау филиалының Семей бөлімшесі Защита кіші бөлімшесінің (А.В. Степура) басшыларына, Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасына (Н.Т. Уранхаев), қалалар мен аудандардың әкімдеріне 2004 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде автомобиль және темір жолдары мен инженерлік құрылғыларды тасқын сулардың және мұздардың ықпалынан қорғау, тазалау жұмыстарын орындау ұсынылсын, осы себептерден жолдардағы қозғалыстың үзілуіне жол берілмесін.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (К.Б. Андагулов) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қалалар мен аудан орталықтарында дәрі-дәрмектер қорын жасасын.
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы (А.А. Курмангалиев) облыстың жергілікті атқарушы органының төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға көзделген резервтегі қорынан облыс өзендеріндегі сең бууды жою жөніндегі жарылыс жұмыстарын атқару және осы мақсатта пайдаланатын авиация техникасына ақы төлеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына (Г.В. Темный) 1261400 (бір миллион екі жүз алпыс бір мың төрт жүз), қаптар сатып алу үшін 350000 (үш жүз елу мың) теңге бөлсін.
Тармақ 10
10. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директорына (А.С. Дьяченко) тасқын су қаупі туатын аймақтағы телефондандырылған елді мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру ұсынылсын. Тасқын су кезеңі басталысымен аудан орталықтарымен тәулік бойы "кезекшілік қабылдау тәртібінде" тұрақты радиобайланысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (В.Н. Губарев) тасқын су кезеңі басталысымен барлау, жарылыс және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақтарды әзірлікте ұстасын.
Тармақ 12
12. "Шығыс Қазақстан облыстық судан құтқару қызметі орталығы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б.Ш. Бадылбаев) 2004 жылғы 10- сәуірге дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын әзірлесін.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы бастығына (Ж.К. Кундызбаев) мал қорымдарына зерттеу жүргізіп, жұқпалы аурулардың бұрқ ете түсуін болдырмау мақсатында қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 14
14. Су тасқынына қарсы шараларға жедел басшылық және осы қаулыны орындауға бақылау жасау Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П. Швайченкоға, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Г.В. Темныйға жүктелсін.
Тармақ 15
15. Облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13- наурызда № 1156 тіркелген "Су тасқынына қарсы шараларды өткізуге дайындық жөніндегі облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің жұмыс жағдайы туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 25-ақпандағы № 396 қаулысы күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 16
16. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 27. Су тасқынына қарсы 2004 жылға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының 2004 жылғы
9 наурыздағы № 379
қаулысына қосымша
Су тасқынына қарсы 2004 жылға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
№ р/с
Шаралар
Орындау мерзімі
Орындаушы
1
2
3
4
1.
Елді мекендер мен шаруашылық объектілерін су басуды болдырмау мақсатында дер кезінде шаралар қабылдау үшін қалаларда, аудандарда қардың еруіне, өзендердің мұз құрсауынан босауына, мұз бөгеттері мен су басуға ұшырайтын жерлерде тұрақты қадағалауды ұйымдастыру
Су тасқыны кезінде
Қала мен аудандар әкімдері, ШҚ гидрометеорология орталығы (ШҚГМО), Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік мекемесі
2.
Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малды, материалдық бағалылықтарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жан-жақты жоспарлар жасау
25.03.
2004
Қала, аудандар, ауылдық округтардың әкімдері, меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары (келісімдері бойынша), ТЖ жөніндегі қалалық басқармалардың бастықтары, Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасының бастығы
3.
ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомство-аралық комиссияларға қар қалыңдығының және қар еруінің жағдайы туралы үзбей хабарлау. Қар көшкіні мен су тасқынының қаупі туралы дер кезінде ескертуін қамтамасыз ету
Күн сайын
ШҚ гидрометеорология орталығы, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ШҚ облыстық пайдалану басқармасы
4.
Қар көшкіні мен су басуы мүмкін жерлерде тұратын тұрғындарды құлақтандырудың сызбасын іс жүзінде пысықтау. Осы жұмысқа жауапты адамдар тағайындау,төтенше жағдайларды жою және сол жағдайға көмек көрсету үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда апаттық-қалпына келтіру бригадаларын ұйымдастыру
25.03. 2004
Қала мен аудандар әкімдері, ШҚ гидрометеорология орталығы, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ШҚ облыстық пайдалану басқармасы, ШҚО автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік мекемесі, ауыл шаруашылығы басқармасы, ТЖ жөніндегі қалалық басқармалар, Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы
5.
Тасқын суды өткізу үшін автожолдардың, тұрғын үйлер мен құрылыстардың жанындағы кәріздік су ағызатын астауларды, автомобиль және темір жолдардағы су өткізетін инженерлік құрылғыларды тазартуды жүргізу
10.04. 2004
Қала, аудандар, ауылдық округтердің әкімдері, ШҚО автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы, Защита және Семей тасымалдау бөлімшелері, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ШҚО энергетика,тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасы
6.
Суландыру жүйелерін, су құрылғыларын, қалдық сақтағыштарды, жинағыш- резервуарларды су шайып кетуін болдырмау шараларын белгілеу, су қоймалары мен өзендер жағалауы бойынша бекініс жасау жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару, бұл үшін материалдардың қажетті мөлшерін дайындау, пайдаланатын орындарға жеткізу
25.03.2004
Қала, аудан, ауылдық округтердің әкімдері, ТЖ мемлекеттік қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі облыстық Мемлекеттік инспекция, меншіктік нысандарына қарамастан шаруашылық объектілері мен ұйымдар (келісімдері бойынша), "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
7.
Облыс өзендерінде сең буу мен су тасқыны өтетін жерлерді анықтау жөніндегі аэровизуальді зерттеулер жүргізу
Өзендерде мұз құрсауы ашылған кезде
ШҚ гидрометеорология орталығы, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ШҚ облыстық пайдалану басқармасы
8.
Шұғыл қимылдау отрядтары, жүзу құралдары, құтқару жұмыстарында пайдалану үшін судан құтқару орталығының маневрлік тобын дайындыққа келтіру
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап
Қала, аудан әкімдері, ШҚ облыстық ТЖ басқармасы, ШҚО судан құтқару қызметі
9.
"Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ҚМ, ІІМ және ІІБ әскери бөлімдерімен бірге оларды төтенше жағдайларды жоюға тарту жөніндегі бірлескен іс- әрекетті пысықтау
25.03.2004
ШҚО ТЖ жөніндегі басқармасы, ҚМ, ІІМ және ІІБ әскери бөлімдері
10.
Электр берілісі және байланыс желілеріне зерттеу жүргізу, қар көшкіні мен су тасқыны кезінде олардың сақталуы жөніндегі шараларды қабылдау
30.03.2004
"KEGOC" ААҚ аймақаралық энергетика жүйелерінің Шығыс филиалы, "ШҚ өңірлік энергетика компаниясы" ЖАҚ, облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келісімі бойынша)
11.
Облыстың меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындары мен ұйымдары сел және су тасқындарынан бүліншілікке ұшырайтын өнеркәсіптік, қалалық және басқа объектілердің түгендеуін жүргізу, сондай-ақ апаттан құтқару жұмыстары үшін материалдардың, жабдықтардың, арнайы киімдердің, саймандардың, қаптардың қажетті қорын жасау
30.03.2004
Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (келісімдері бойынша), облыс мекемелері, ШҚО автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
12.
Су басуы және жолдардың бұзылуы ықтимал аймақтарда орналасқан елді мекендерде азық-түлік, дәрі-дәрмектер қорын жасау
30.03.2004
Қалалар мен аудандардың және ауылдық округтердің әкімдері
13.
Өнеркәсіптік қалдық сулардың қалалар мен кенттердің жабық су тартқыларына құйылуын болдырмау шараларын қабылдау
1.04.2004
Қалалардың, аудандардың және ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық нысандары (келісімдері бойынша) ШҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасы
14.
Қалалар мен аудандарда 20 т. дизельді отын, 10 т. бензин, 1 т. мотор майы есебінен жанар-жағар майдың қажетті резервін жасау және бұл қорларды табиғи апаттар болған жағдайда ТЖ жөніндегі комиссияның өкімі бойынша пайдалану. Облыстық резервте 30 тонна дизельдік отын, 16 тонна бензин болсын
10.04.
2004
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚ облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы
15.
Су тасқыны кезіне жарғыштар бригадаларын дайындау, оларды ТЖ жөніндегі комиссияның тапсырысы бойынша мұз құрсауы және қар көшкінін түсіру орындарында жұмыс жүргізу үшін жарғыш материалдармен қамтамасыз ету. Үлбі, Уба, Бұқтырма өзендеріндегі, темір жолдар мен автомобиль жолдарындағы, көпірлердің жанындағы, Красный Яр ауылындағы Уба өзенінің құйылысындағы мұзды босатуын, қар көшкіндерін түсіруін жүргізілу
30.03.2004
"Шығысқазжарөнер-кәсіп" АҚ, (келісімімен) "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ШҚ облыстық пайдалану басқармасының филиалы, Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы
16.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында су тасқынына қарсы шаралардың әзірлігін тексеру. Тексеру нәтижелері туралы ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияға баяндау
10.04.2004
Жоспарға сәйкес ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері
17.
Қауіпті су тасқындары өтуі және қар көшкіндерінің жүруі кезінде қалалар мен аудандардың әкімияттарында, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ жеке қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік орнату және жағдай, қолданылып жатқан шаралар туралы ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияға
Тасқын сулар жүрген кезеңде
Қалалар мен аудандардың әкімдері, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ШҚ облыстық пайдалану басқармасының филиалы, ШҚО энергетика, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасы, ШҚ гидрометеорология орталығы, "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ШҚО автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы кәсіпорны, "KEGOC" ААҚ аймақаралық энергетика жүйелерінің Шығыс филиалы (келісімі бойынша)
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше
жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы