Құжат мәтініне өту

О создании акционерного общества «Фонд развития оборонно-промышленного комплекса»

Қаулы · № 1130 · қабылданған 15.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-190235/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О создании акционерного общества «Фонд развития оборонно-промышленного комплекса» Қолданыста Қаулы ·№ 1130 ·15.12.2023
15.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании акционерного общества «Фонд развития оборонно-промышленного комплекса»

Қолданыста Қаулы ·№ 1130 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании акционерного общества «Фонд развития оборонно-промышленного комплекса»
Атауы (қаз.)
«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1130
Қабылданған күні
15.12.2023
Көрсетілген редакция
15.12.2023 190235_672155.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300001130
ЭКБ идентификаторы
190235
Редакция идентификаторы
190235_672155
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:51

0 «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамын құру туралы

«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

2 2. Отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3 3. Қоғамның жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 265722000 (екі жүз алпыс бес миллион жеті жүз жиырма екі мың) теңге мөлшерінде қалыптастырылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2 2) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаны сайлауды, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруды және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруді;

3 3) қоғамды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуді;

4 4) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне беруді;

5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

12 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-212-жолмен толықтырылсын:
«21-212. «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамы.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне:» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 410-2-1-жолмен толықтырылсын:
«410-2-1. «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамы.».

3 3. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Министрлік» деген бөлім мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамы.».
___________________________________________________

Қолданыстағы