Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/219
- Қабылданған күні
- 21.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2023 190257_674053.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23BR05219A
- ЭКБ идентификаторы
- 190257
- Редакция идентификаторы
- 190257_674053
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:33
0 Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Шортанды ауданы «А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Савин Тимур Владимировичтің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № вн-210 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шортанды ауданының «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 0,0022 гектар жер учаскелеріне 5 (бес) жыл мерзімге ӘЖ-10/4 электрмен жабдықтау тіректерімен шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2 2. Шортанды ауданының «А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1 1) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;
2 2) «Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шарты жасалсын;
3 3) Жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіруге міндетті.
3 3. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1 1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2 2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 Жария сервитут белгіленетін жер учаскелері
Қосымша Шортанды
ауданы әкімдігінің қаулысына
«21» қараша 2023 жылғы
№ А-5/219
Жария сервитут белгіленетін жер учаскелері
№
Жер пайдаланушының/меншік иесінің
атауы
Жария сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесінің ауданы
1
Дамса ауылдық округінің жерлері
0,0022 га
Барлығы
0,0022 га