О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1075
- Қабылданған күні
- 01.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.12.2023 190372_679682.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300001075
- ЭКБ идентификаторы
- 190372
- Редакция идентификаторы
- 190372_679682
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:13
0 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2 2. Кәсіпорында басқару органы – байқау кеңесі енгізілсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4 4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-жолмен толықтырылсын:
«31. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».