О переименовании улиц села Павлодарское
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц села Павлодарское
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауылының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 21.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2023 190393_673772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PAC0009B
- ЭКБ идентификаторы
- 190393
- Редакция идентификаторы
- 190393_673772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:40
0 Павлодар ауылының
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде Павлодар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Павлодар ауылының 50 лет КАЗ ССР көшесін – «Ұлы Дала» көшесі, Береговая көшесін – «Ыбырай Алтынсарин» көшесі, Вологодская көшесін –«Бөгенбай батыр» көшесі, Восточная көшесін – «Жәнібек-Керей» көшесі, Дорожная көшесін – «Рахымжан Қошқарбаев» көшесі, Железнодорожная көшесін – «Тайкелтір би» көшесі, Заводская көшесін – «Қажымұқан» көшесі, Клубная көшесін – «Күлтегін» көшесі, Қасым Қажы көшесін – «Исабек Ишан» көшесі, Мир көшесін – «Бейбітшілік» көшесі, Молодежная көшесін – «Алтын Орда» көшесі, Новоселов көшесін – Шоң би көшесі, Озерная көшесін – «Далакөл» көшесі, Огородная көшесін – «Дінмұхамед Қонаев» көшесі, Октябрьская көшесін – «Тәуелсіздік» көшесі, Омский тракт көшесін – «Алаш Орда» көшесі, Пионерская көшесін – «Ер Еділ» көшесі, Песчанная көшесін – «Құмдыкөл» көшесі, Садовая көшесін – «Мұқан Қаған» көшесі, Степная көшесін – «Бауыржан Момышұлы» көшесі, Строительная көшесін – «Сұлтан Бейбарыс» көшесі, Советская көшесін – «Мәңгілік Ел» көшесі, Тепличная көшесін – «Дешті Қыпшақ» көшесі, Торговая көшесін – «Қасым Қажы» көшесі, Целинная көшесін – Торайғыр би көшесі, Школьная көшесін – «Жұмабек Тәшенев» көшесі, Юбилейная көшесін – «Желтоқсан» көшесі, Южная көшесін – «Ахмет Байтұрсынұлы» көшесі, Солнечный тұйық көшесін – «Шәкәрім» тұйық көшесі, Школьный тұйық көшесі – «Лев Гумилев» тұйық көшесі, Северный тұйық көшесін – «Көктем» тұйық көшесі, Цветочный тұйық көшесін – «Қағанат» тұйық көшесі, Дружбы тұйық көшесін – «Шапағат» тұйық көшесі, Лесхозный тұйық көшесі – «Ақбеттау» тұйық көшесіне, Молодежный тұйық көшесін - «Жас тұлпар» тұйық көшесі, Новый тұйық көшесін – «Отырар» тұйық көшесі, Комсомольский тұйық көшесін – «Сауран» тұйық көшесі, Космонавтов тұйық көшесін – «Ғабдылуахит Хазірет» тұйық көшесі, Восточный тұйық көшесін – «Жасыбай батыр» тұйық көшесі болып қайта аталсын.