Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета

Қаулы · № 1314 · қабылданған 22.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1904/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета Күшін жойған 06.11.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Инструкции по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета

Күшін жойған Қаулы № 1314 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1314
Қабылданған күні
22.12.1998
Көрсетілген редакция
06.11.2000 AI1904_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001314_
ЭКБ идентификаторы
1904
Редакция идентификаторы
AI1904_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.11.06. № 1675 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларын бекіту туралы" 1998 жылғы 4 тамыздағы N 737 қаулысының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу кезінде осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын.

2-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi-мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсетiн болсын.

📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17. N 1169 қаулысымен.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
22 желтоқсандағы
N 1314 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі осы Нұсқаулық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді.
Ережені әр бағдарлама (кіші бағдарлама) үшін әрбір орталық және жергілікті мемлекеттік органдар дербес әзірлейді.
Ереже мынадай тарауларды қамтуы тиіс:

1. Жалпы ережелер

1. Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауын, аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) қажеттілігі мен дамуын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сілтемелерді қамтиды.

2. Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) мазмұны

2. Аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) орындалуын қамтамасыз ететін қаржыландыру кезiнде қолданылатын әрбiр бағдарлама бойынша, есеп айырысу принциптерiнiң түрлері бойынша қажетті барлық шаралардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің сипаттамасын қамтиды.

📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17. N 1169 қаулысымен.

3. Егер аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) орындалуы бірнеше жылға есептелсе, онда шаралардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің сипаттамасы жылдар бойынша бөлу арқылы ұсынылады.

3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру

4. Осы тарау мемлекеттік сатып алу туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әзірленеді.

5. Жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде орналастырылады.

6. Осы тарау, есепке алынатын, тапсырысшы конкурсқа (тендерге) қатысушыларға қоятын шарттар мен талаптарды, тапсырысшы конкурстық тапсырыстың жеңімпазын анықтау кезінде ескеретін өлшемдердің тізбесін көздейді. Осы тарауда айтылуы тиіс негізгі шарттар мыналар болып табылады:

1) тапсырысты орындаушы конкурсқа мынадай ақпаратты қамтитын өтінімді тапсырады:

тапсырысты орындаушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар;
орындалатын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің, орындауға жататын қосымша қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі, жұмыстардың қызмет көрсетулердің орындалу мерзімдері;
жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстардың сметасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін әдістемелер мен нысандар бойынша экономикалық жіктеудің әр ерекшелігі бойынша есептемелер;

2) мемлекеттік орган тапсырылған құжаттаманың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексереді, шығыстардың сметасы мен тиісті есептемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіледі;

3) мемлекеттік тапсырыстарды орындауға қатысушы қызметкерлерге

еңбекақы есептеу мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы
төлеудің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізінде
жүзеге асырылуы тиіс.

4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi

7. Бұл тарауда мемлекеттік тапсырыстың сапалы орындалуының

көрсеткiштерi болып табылатын өлшемдер көрсетiледi.
📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17. N 1169 қаулысымен.