Об утверждении Порядка оказания единовременной социальной помощи инвалидам Атырауской области в оформлении подписки на газету
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Порядка оказания единовременной социальной помощи инвалидам Атырауской области в оформлении подписки на газету
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды ресімдеуде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету Тәртiбiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 11.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2011 19040_208511.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04T0001876
- ЭКБ идентификаторы
- 19040
- Редакция идентификаторы
- 19040_208511
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:29
0 Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды ресімдеуде біржолғы
әлеуметтік көмек көрсету Тәртiбiн бекiту туралы
III шақырылған облыстық мәслихаттық IV сессиясының 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 59-III "III шақырылған облыстық мәслихаттық III сессиясының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 23-III шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiне сәйкес облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берiлген Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды ресiмдеуде бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртiбi бекiтiлсiн.
2 2. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы осы қаулымен бекiтiлген Тәртiпке сәйкес бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындауды және берудi қамтамасыз етсiн.
3 3. Атырау облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджетте 258.15.00 "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасы бойынша осы мақсатқа қаралған қаражат есебiнен бiржолғы әлеуметтiк көмектi уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И. Байғожинға жүктелсiн.
5 Облыстық әкiмияттың
2004 жылғы 11 ақпандағы
№ 45 қаулысына қосымша
Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды
рәсiмдеуде бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі
Осы тәртiп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуiрдегi № 374-I "Азаматтардың кейбiр санаттарына жеңiлдiктер беру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру Бағдарламасы туралы" қаулысы негiзiнде және III шақырылған облыстық мәслихаттың IV сессиясының 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 59-III "III шақырылған облыстық мәслихаттың III сессиясының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 23-IIIшешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiне сәйкес жасақталды.
1 1. Тағайындау тәртiбi
1.1 1.1. Атырау облысының мүгедектерiне газетке жазылуды ресiмдеуде бiржолғы әлеуметтiк көмек (алға қарай - әлеуметтiк көмек) жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен тағайындалады.
1.2 1.2. Әлеуметтiк көмектi тағайындауға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде жеке арыз тапсырады.
1.3 1.3. Әлеуметтiк көмек тағайындалғаннан кейiн жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына алушылардың мекен-жайы көрсетiлген тiзiмдi жасақтап, жолдайды.
1.4 1.4. Жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк көмектiң дұрыс тағайындалуына жауап бередi.
2 2. Әлеуметтiк көмектi төлеу және қаржыландыру тәртiбi
2.1 2.1. Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру 2004 жылға арналған жергiлiктi бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
2.2 2.2. Жергiлiктi органдар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына қаржыландыруға өтiнiм бередi.
2.3 2.3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы жергiлiктi органдардың өтiнiмi негiзiнде облыс бойынша әлеуметтiк көмектi төлеуге қажет қаражат мөлшерiн анықтап, облыстық қаржы басқармасына өтiнiм бередi.
2.4 2.4. Атырау облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының өтiнiмi негiзiнде жергiлiктi бюджетте қаралған қаражат есебiнен әлеуметтiк көмектi төлеуге қаражат бөледi. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы қаражат түскеннен кейiн, оларды сонымен қатар, келiсiм-шартқа сәйкес комиссиялық сыйақыны да "Қазпошта" Ашық Акционерлiк қоғамының облыстық филиалының ағымдағы шотына аударады.