Об изменении и установлении границ города Хромтау и сельских округов Хромтауского района Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении и установлении границ города Хромтау и сельских округов Хромтауского района Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 13.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 190623_673954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008469
- ЭКБ идентификаторы
- 190623
- Редакция идентификаторы
- 190623_673954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:55
0 Ақтөбе облысының Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Хромтау ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекаралары оның шекарасына Хромтау ауданының Абай, Қызылсу ауылдық округтері мен Дөң ауылдық округінің шекараларынан 2 166 гектар жерді қосу арқылы өзгертілсін.
Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекарасынан Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің шекарасына 262 гектар жер берілсін.
Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекаралары жалпы ауданы 9 767 гектар болып белгіленсін.
2 2. Хромтау ауданының Абай ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 552 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 99 023 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.
3 3. Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 1 503 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 121 792 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.
4 Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 111 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 57 860 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.