Об изменении и установлении границ города Хромтау и сельских округов Хромтауского района Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении и установлении границ города Хромтау и сельских округов Хромтауского района Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 13.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 190623_673954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008469
- ЭКБ идентификаторы
- 190623
- Редакция идентификаторы
- 190623_673954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:55
0 Ақтөбе облысының Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Хромтау ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекаралары оның шекарасына Хромтау ауданының Абай, Қызылсу ауылдық округтері мен Дөң ауылдық округінің шекараларынан 2 166 гектар жерді қосу арқылы өзгертілсін.
Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекарасынан Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің шекарасына 262 гектар жер берілсін.
Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекаралары жалпы ауданы 9 767 гектар болып белгіленсін.
2. Хромтау ауданының Абай ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 552 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 99 023 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.
3. Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 1 503 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 121 792 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.
4 Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 111 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 57 860 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.