Об изменениях в административно-территориальном устройстве Темирского района Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Темирского района Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 351
- Қабылданған күні
- 13.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 190624_674126.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008470
- ЭКБ идентификаторы
- 190624
- Редакция идентификаторы
- 190624_674126
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:54
0 Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Темір ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Темір ауданының Саркөл ауылдық округінің Саркөл ауылы таратылсын.
Темір ауданының Саркөл ауылдық округінің Шұбарши кентінің шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 6 815 гектар таратылатын Саркөл ауылының аумағы қоса отырып өзгертілсін.
Саркөл ауылдық округінің Шұбарши кентінің шекарасы жалпы ауданы 26 518 гектар болып белгіленсін.
2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Темір ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктерді күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.