Құжат мәтініне өту

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Шалкарского района Актюбинской области

Қаулы · № 352 · қабылданған 13.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-190625/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Шалкарского района Актюбинской области Қолданыста Қаулы ·№ 352 ·13.12.2023
13.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Шалкарского района Актюбинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 352 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Шалкарского района Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
352
Қабылданған күні
13.12.2023
Көрсетілген редакция
13.12.2023 190625_674128.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23C0008471
ЭКБ идентификаторы
190625
Редакция идентификаторы
190625_674128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:54

0 Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Шалқар ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Шалқар ауданының Бозой ауылдық округінің Бозой ауылының құрамына енгізіле отырып, Бозой ауылдық округінің Қоянқұлақ ауылы таратылсын.

Шалқар ауданының Бозой ауылдық округінің Бозой ауылының шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 17 432 гектар таратылатын Қоянқұлақ ауылының аумағы қоса отырып өзгертілсін.
Бозой ауылдық округінің Бозой ауылының шекарасы жалпы ауданы 83 760 гектар болып белгіленсін.
Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылының құрамына енгізіле отырып, Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Алақозы ауылы таратылсын.
Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылының шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 18 020 гектар таратылатын Алақозы ауылының аумағы қоса отырып өзгертілсін.
Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылының шекарасы жалпы ауданы 70 582 гектар болып белгіленсін.

2

2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Шалқар ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктерді күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шалқар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы келтірсін.

4 4. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

5 5. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы