Об изменениях в административно-территориальном устройстве Мугалжарского района Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Мугалжарского района Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 353
- Қабылданған күні
- 13.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 190626_682987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008472
- ЭКБ идентификаторы
- 190626
- Редакция идентификаторы
- 190626_682987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:54
0 Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Мұғалжар ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жалпы ауданы 13 980 гектар Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің Шеңгелши ауылы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық бағынысына берілсін.
2 2. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің жалпы ауданы 136 648 гектар;
Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің жалпы ауданы 269 607 гектар болып шекаралары белгіленсін.
3
3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Мұғалжар ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктерді күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.