Об изменениях в административно-территориальном устройстве Мугалжарского района Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Мугалжарского района Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 353
- Қабылданған күні
- 13.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 190626_682987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008472
- ЭКБ идентификаторы
- 190626
- Редакция идентификаторы
- 190626_682987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:54
0 Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Мұғалжар ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалпы ауданы 13 980 гектар Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің Шеңгелши ауылы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық бағынысына берілсін.
2. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің жалпы ауданы 136 648 гектар;
Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің жалпы ауданы 269 607 гектар болып шекаралары белгіленсін.
3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Мұғалжар ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктерді күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.