Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Кожамжарского сельского округа Актогайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Кожамжарского сельского округа Актогайского района
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90/12
- Қабылданған күні
- 21.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2023 190632_674725.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PD09012M
- ЭКБ идентификаторы
- 190632
- Редакция идентификаторы
- 190632_674725
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:41
0 Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3 – бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің әрбір ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
21 желтоқсандағы № 90/12
шешімімен бекітілген
Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3- бабының 6 - тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына және Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін - өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округ аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Қожамжар ауылдық округінің аумағы: Қожамжар, Қайран, Жамбыл, Қараой ауылдары учаскелеріне бөлінеді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қожамжар ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қожамжар ауылдық округініңәкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет - ресурстарды қоса алғанда үздіксіз жариялау тарату тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашудың алдында тиісті ауылдың қатысыпотырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай - ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қожамжар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қожамжар ауылдық округініңәкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақтоғай ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда: