Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2481
- Қабылданған күні
- 15.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2023 190634_673581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NA02481A
- ЭКБ идентификаторы
- 190634
- Редакция идентификаторы
- 190634_673581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:50
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 470, № 471, № 472, № 963, № 964, № 965, № 966, 2023 жылғы 10 қарашадағы № 973, № 974, № 975 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес су құбырын, өздігінен ағатын канализация коллекторын және канализацияны жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Әкімдіктің
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2481 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі