Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/268
- Қабылданған күні
- 22.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2023 190721_674065.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23BR05268A
- ЭКБ идентификаторы
- 190721
- Редакция идентификаторы
- 190721_674065
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:31
0 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Шортанды ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «____»________
№__________ қаулысына
қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ п/п
Тұрғын үй мекенжайы
Тұрғын үй пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері, теңге (айына бір шаршы метр үшін)
1
Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылдық округі Бозайғыр ауылы Қонаев көшесі 9 үй 2 пәтер (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)
206
2
Шортанды ауданы, Андреевка ауылдық округі Андреевка ауылы Желтоқсан көшесі 15 үй (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)
88
3
Шортанды ауданы, Жолымбет кенті 40 лет Победы көшесі 21үй 9 пәтер (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)
347
4
Шортанды ауданы, Петровка ауылдық округі Петровка ауылы Құрманғазы көшесі 28 үй (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)
148
5
Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі Степное ауылы Желтоқсан көшесі 15 үй 1 пәтер (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)
148
6
Шортанды ауданы, Новоселовка ауылдық округі, Новоселовка ауылы Абай көшесі 32 үй (кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)
214