Кіру
Құжат мәтініне өту

О расширении категории получателей услуг инватакси

Қаулы · № 61/01 · қабылданған 19.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-190844/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О расширении категории получателей услуг инватакси Қолданыста Қаулы ·№ 61/01 ·19.12.2023
19.12.2023 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О расширении категории получателей услуг инватакси

Қолданыста Қаулы ·№ 61/01 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О расширении категории получателей услуг инватакси
Атауы (қаз.)
Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
61/01
Қабылданған күні
19.12.2023
Көрсетілген редакция
19.12.2023 190844_677086.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KI653709
ЭКБ идентификаторы
190844
Редакция идентификаторы
190844_677086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:48

0 Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

1) психиатрдың есебінде тұрған, жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;

3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы