Қолданыстағы ред. 02.03.2004 (Редакция 19086_291896.kaz)

Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы от 02.03.2004 г. № 4-2 (Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы)

0

Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аса мұқтаж отбасыларға қаражат жіберу мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).

2

2. "Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі комиссияның қызметі туралы" Ереже бекітілсін (N 2 қосымша).

3

3. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.

4

4. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы N 2-5 "Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы" қаулысы жойылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ж. Ғұмаровке жүктелсін.

6. Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

Аудан әкімиятының
2004 жылғы 2 наурыздағы
N 4-2 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік
төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссияның
құрамы
Ғұмаров Баянбек Жұмаұлы - аудан әкімінің
орынбасары,
комиссия төрағасы
Сармағамбет Гүлсім Ғайнеденқызы - аудандық еңбек,
жұмыспен қамту
және халықты
әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы,
төраға орынбасары
Тулембаева Салтанат Боранбайқызы - аудандық еңбек,
жұмыспен қамту
және халықты
әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығының
орынбасары,
комиссия хатшысы
Хамза Рақымжан Орынбайұлы - аудандық білім
бөлімінің меңгерушісі
Нысангалиев Ерлан Беркінұлы - аудандық қаржы
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Сағаденов Қанат Алдашұлы - аудандық ІІБ
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Жолдығұлов Оспан Өтегенұлы - аудандық денсаулық
бөлімі меңгерушісінің
уақытша міндетін
атқарушы

7. Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі комиссияның қызметі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімиятының
2004 жылғы 2 наурыздағы
N 4-2 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік
төлем төлеу жөніндегі комиссияның қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Комиссия аудан әкімиятының жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органға - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету қызметіне жәрдемдесу мақсатында құрылады.

2

2. Комиссия құрамын аудан әкімінің жергілікті өкілетті органдардың, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау салаларының уәкілетті органдарының өкілдерінен құрыла алады. Комиссия құрамында кемінде жеті адам болуға тиіс.

3

3. Комиссия мүшелерінің қатарынан төраға, төраға орынбасары мен хатшы сайланады.

4

4. Комиссия жұмысын төраға басқарады. Ол комиссия атқаратын қызметке жауапты. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары орындайды.

5

5. Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртібін реттейді, отырыс хаттамаларын рәсімдейді, арыз иелеріне қаралған арыздардың қорытындысы жөнінде хабардар етеді.

6

6. Комиссия отырысына мүшелердің кемінде 3-тен 2-сі қатысса комиссия шешім қабылдауға құқылы болып есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

7

7. Комиссия отырысы айына бір рет өткізіледі.

8

8. Комиссия өз қызметінде осы Ережені, қолданыстағы заңдарды, аудан әкімиятының қаулыларын басшылыққа алады.

2. 2. Негізгі міндеттері

2. Негізгі міндеттері

9

9. Комиссия аса мұқтаж отбастарына қаржы жіберу мақсатында уәкілетті орган мен аудан әкіміне, халыққа әлеуметтік көмек көрсету қызметіне жәрдемдеседі.

10

10. Комиссия азаматтардың арыздарын қарап, жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек көрсету немесе көрсетпеу жөнінде, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес шешім қабылдайды.

11

11. Қажет болған жағдайда әлеуметтік көмек алуға үміткер және арызданушының материалдық жағдайын, келісім бергендердің тұрғылықты жерін барып тексереді.

12

12. Арыз беруші тексеру жүргізуге келісім бермеген жағдайда немесе табысы мен тұрғылықты жері туралы біле тұра жалған мәлімет айтса, комиссия әлеуметтік көмекті бермеу жөнінде шешім қабылдауға, бұл туралы арыз берушіге шешім қабылданған күннен бастап,15 күн мерзім ішінде арыз берушінің құжаттарына сәйкес, әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде шешім қабылдайды.

13

13. Арыз беруші комиссияның шешіміне заңда көзделген тәртіп бойынша шағымдана алады.

3. 3. Комиссияның құқығы

3. Комиссияның құқығы

14

14. Комиссия арыз беруші немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшесі қатысуымен, арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайында келісімдері бойынша, тексеру жүргізеді. Тексеру жүргізгенде мына жағдайларға көңіл бөлінеді:
отбасы құрамы;
еңбек жасындағы жұмыс жасамайтын отбасы мүшелері;
отбасында кәмелетке толмаған балалар және күтімге мұқтаж тұлғалар (мүгедектер, мүгедек балалар, жасы 80-нен асқандар);
жұмыспен қамтылмағандығы жөнінде арыз берушілердің нақты табыс деңгейі (отбасы мүшелерінің әрқайсысынан және көршілерінен сұрау арқылы);
жеке қосалқы шаруашылығы (үй жануарлары, құстар, аула шаруашылығы, бақшасы);
тұрғын үйінің саны (пәтерлер, үйлер);
пайдалануға жарамды көлігінің болуы немесе болмауы.

15

15. Ауылдық округ әкімі арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайы жөнінде комиссияға акт арыз берушінің отбасының материалдық жағдайын зерттеу актісі ұсынады.

16

16. Заңсыз төлем төлеуге әкелген қандайда болмасын тәртіп бұзушылық немесе актідегі жалған мәлімет анықталған жағдайда шығын заңда белгіленген тәртіп бойынша айыпкерлерден өндіріледі.