Аудан бойынша жалпыға бірдей құқықтық
оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесін құру туралы от 01.03.2004 г. № 38 (Аудан бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесін құру туралы)
1. Аудан бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесі құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
2. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
3. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүзеге асыру жөніндегі құқықтық мектептер аудан әкімі аппараты мен селолық округтері әкімдері аппараттары және аудандық орталықтандырылған кітапхана жандарынан ұйымдастырылып, олар қажетті оқу көрнекті және әдістемелік құралдарымен жабдықталсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Сұлтановқа тапсырылсын.
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 1 наурыздағы
N 38 қаулысымен бекітілген
Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру
жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) халықтық құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін көтеру әрі заңдылықты, құқықтық тәртіпті, реттілікті нығайту мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган болып саналады.
2. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесі қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілері және осы Ереже болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметі бойынша жергілікті атқарушы орган алдында жауап береді.
2. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі
аудандық әдістемелік Кеңесін құру және құрылымы
4. Кеңес аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады. Кеңестің дербес құрамы аудан әкімінің шешімімен белгіленеді және ол аудандық мәслихатта бекітіледі.
5. Кеңесті төраға аудан әкімінің орынбасары басқарады. Төрағаның орынбасары аудан әкімі аппаратының басшысы болып саналады.
6. Кеңестің құрамына оның тұрақты мүшесі ретінде білім, денсаулық сақтау, еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат мәдениет бөлімдері бастықтары кіреді. Кеңестің хатшысы аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы болады, ол Кеңесті басқаратын аудан әкімінің орынбасарына бағынады.
3. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру
жөніндегі аудандық әдістемелік Кеңесінің міндеттері
7. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
1) жалпыға бірдей құқықтық оқуды өткізуге қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыру;
2) тұрғындар арасында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу;
3) жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүзеге асыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін құқықтық мектептерге құқықтық оқудың тақырыптық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге көмектесу;
4) жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастыру;
5) жалпыға бірдей құқықтық оқуды тиімді пайдалану жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлар ұйымдастыру.
4. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік Кеңесінің құзыреті
8. Кеңестің құзыретіне мыналар жатады:
1) жалпыға бірдей құқықтық оқудың аудандық бағдарламасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
2) жалпыға бірдей құқықтық оқуды өткізу жөніндегі мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдау және орын алған кемшіліктерді жоюға бағытталған шешімдер шығару;
3) мемлекеттік органдардағы жалпыға бірдей құқықтық оқудың жайына зерттеулер ұйымдастыру және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың оңды іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік, ұйымдық және практикалық көмектер көрсету.
5. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі
аудандық әдістемелік Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
9. Кеңес өзінің қызметін жыл сайынғы жоспар негізінде мәжіліс нысаны ретінде жүзеге асырып отырады, оған қаралатын мәселеге байланысты құқық қорғау органдары мен мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін.
Кеңестің мәжілісі тоқсанында бір реттен кем емес өткізіледі. Қажет болған жағдайда аудан әкімінің, Кеңес төрағасының немесе оның көптеген мүшелерінің талап етуі бойынша кезектен тыс мәжіліс өткізілуі мүмкін.
10. Кеңестің хатшысы мәжілісті өткізуге әзірлікті қамтамасыз етеді, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің орындалуы барысы туралы есептер әзірлейді.
11. Кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша ұсыныстың сипаты бар шешім қабылдайды.
Кеңес жалпыға бірдей маңызы бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдер қабылдауға, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге мүдделілік таныта алады.