Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории Карасуского района

Өзге акт · № 3 · қабылданған 27.12.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-190906/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории Карасуского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 ·27.12.2023
28.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории Карасуского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории Карасуского района
Атауы (қаз.)
Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
27.12.2023
Көрсетілген редакция
28.03.2024 190906_692003.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NM00003B
ЭКБ идентификаторы
190906
Редакция идентификаторы
190906_692003
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:11

0 Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, «Aзаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8 кезектен тыс отырысының хаттамаларын ШЕШТІ:

1 1. Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Аудан аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар өткізілсін.

3 3. Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Турсунбаева Динара Канапияновна табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып тағайындалсын.

4 4. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

2 2) осы шешім Қарасу ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы