Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Коскольского сельского округа Иртышского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Коскольского сельского округа Иртышского района
- Атауы (қаз.)
- Ертіс ауданының Қоскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 53-14-8
- Қабылданған күні
- 27.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 190949_675937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PG53148M
- ЭКБ идентификаторы
- 190949
- Редакция идентификаторы
- 190949_675937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:00
0 Ертіс ауданының Қоскөл ауылдық округі аумағында
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ертіс ауданының Қоскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ертіс ауданының Қоскөл ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ертіс аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
27 желтоқсандағы
№ 53-14-8 шешімімен
бекітілген
Ертіс ауданының Қоскөл ауылдық округі
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ертіс ауданының Қосқөл ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3- бабының 6 - тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Ертіс ауданының Қоскөл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Ертіс ауданының Ертіс ауылы аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Қоскөл ауылдық округі аумағы учаскелеріне бөлінбейді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5 5. Қоскөл ауылдық округі әкімі ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
6 6. Қоскөл ауылдық округі әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қоскөл ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қоскөл ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ертіс аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда: