Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил повышения квалификации работников туристских организаций, их аттестации и подготовки различных категорий общественных туристских кадров (инструкторов всех видов спортивного туризма, туристских спасателей и других)

Бұйрық · № 06-2-2/89 · қабылданған 12.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19098/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил повышения квалификации работников туристских организаций, их аттестации и подготовки различных категорий общественных туристских кадров (инструкторов всех видов спортивного туризма, туристских спасателей и других) Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-2-2/89 ·12.03.2004
23.10.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил повышения квалификации работников туристских организаций, их аттестации и подготовки различных категорий общественных туристских кадров (инструкторов всех видов спортивного туризма, туристских спасателей и других)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-2-2/89 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил повышения квалификации работников туристских организаций, их аттестации и подготовки различных категорий общественных туристских кадров (инструкторов всех видов спортивного туризма, туристских спасателей и других)
Атауы (қаз.)
Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06-2-2/89
Қабылданған күні
12.03.2004
Көрсетілген редакция
23.10.2008 AI19098_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002738_
ЭКБ идентификаторы
19098
Редакция идентификаторы
AI19098_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:21

0 Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1 1. Қоса беріліп отырған туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесі бекітілсін.

2 2. Туризм және халықаралық ынтымақтастық басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге белгіленген тәртіппен енгізсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары (Е.С.Никитинскийге) жүктелсін.

4 Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризмнің барлық түрінің нұсқаушылары, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесі

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін
атқарушы
"Туристік ұйымдар қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру, оларды
аттестаттау және қоғамдық туристік
кадрлардың әртүрлі санаттарын
даярлау (спорттық туризмнің барлық
түрінің нұсқаушылары, туристік
құтқарушылар және басқалар)
Ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі
төрағасының міндетін атқарушысының
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 06-2-2/89 бұйрығымен
бекітілген
Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризмнің барлық түрінің нұсқаушылары, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесі

1 1. Жалпы ереже

1

1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері" 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына сәйкес әзірленді және туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (бұдан әрі - туристік кадрлар).

2 2. Туристік кадрларға:

1 1) кәсіби жоғары немесе орта арнаулы туристік білімі бар кәсіби жеке тұлғалар, сонымен қатар туристік салада кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар туристік ұйымдардың қызметкерлері;

2 2) туризм саласында сәйкес кәсіби дайындығы немесе кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар, туристік индустрия саласында қоғамдық бастамаларда немесе ақылы төлем негізінде халыққа қызмет көрсете алатын жеке тұлғалар жатады.

3

3. Туристік кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттау туризм саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, халықаралық стандарттарға сәйкес туризмді дамытуға қабілетті, жоғары білікті кадрлармен саланы қамтамасыз ету, кәсіби шеберлікті, туристік жорықтарды өткізуде жауапкершілікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

4 4. Туристік кадрларды даярлаудың, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттаудың негізгі міндеттері:

1 1) туристік іс-шараларды мазмұнды өткізу үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру;

2 2) туризмді дамыту саласындағы жаңа жетістіктер бойынша білім алуда мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;

3 3) туризм түрлерін дамытуда шетел тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату болып табылады.

2 2. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру

5 5. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру мақсаты - рыноктық экономиканың өскелең талаптарына сай кадрлардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады.

6 6. Біліктілігін арттыру бүкіл еңбек қызметінде 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.

7 7. Мамандардың біліктілігін арттырудан өту кезеңділігін жұмыс беруші белгілейді.

8

8. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстан қол үзіп және қол үзбей өткізілетін оқу іс-шараларының (мектеп, курстар, семинарлар, жиындар) шеңберінде сондай-ақ ішкі туризмнің белсенді түрлерін дамытатын ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, оқу мақсаттарында өткізілетін жорықтарда, маршруттарда, жарыстарда, экспедицияларда жүзеге асырылады.

9 9. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру шарттық негізде, білім беру ұйымдарының базасында (туристік салалар үшін кадрлар дайындайтын ғылыми, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында) ұйымдастырылады.

10 10. Біліктілігін арттырудан өткен адамдарға осы Ереженің қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.

3 3. Туристік кадрларды аттестаттау дайындығы мен оны өткізу

11 11. Туристік кадрларды аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін айқындау, қауіпсіз және тиімді туристік жорықтар мен экскурсиялар жүргізу кезінде жан-жақтылығы мен жете білушілігі, ұйымдастыру қабілеттілігі болып табылады.

12 12. Аттестаттау әрбір 5 жыл өткен сайын өткізіледі.

13 13. Туристік кадрлар аттестаттаудан:

1 1) жұмыс берушінің шешімі бойынша;

2 2) тиісті нұсқаушы санатын немесе экскурсия жетекшісі санатын алу мақсатында, өз қалауы бойынша;

3 3) қызметі туристік жорықтар мен экскурсиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты ұйымның жолдамасы бойынша өтеді.

14 14. Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1 1) аттестаттауды өткізуге дайындық;

2 2) туризм саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша тестілеу;

3 3) туризм мәселелері бойынша әңгімелесу;

4 4) туристік кадрларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімін шығару (бұдан әрі - Комиссия).

15

15. Комиссия туризм мәселелерін жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың жанынан 9 адамнан құрылады. Комиссияның құрамына туризм мәселелерін жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың мамандары, туристік саланы дамытумен айналысатын заңды тұлғалардың өкілдері, білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді (туристік салалар үшін кадрлар дайындайтын ғылыми, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында).

16 16. Комиссия ұсынылған материалдарды зерделеп, тестілеу мен әңгімелесудің нәтижелері негізінде мына шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) аттестатталды және туризм саласында бұдан әрі жұмыс істеуді жалғастыруы үшін ұсынылады;

2 2) қайта аттестаттаудан өткізіледі;

3 3) аттестатталмаған.

17 17. Комиссияның шешімі хаттамамен және аттестациялық парақпен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.

Шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады және, егер комиссияның отырысында оның мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, қабылданды деп есептелінеді. Дауыс беру нәтижесі қорытынды отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда шешім аттестатталған адамның пайдасына қабылданды деп есептелінеді.

18 18. Аттестаттау нәтижелері бойынша қоғамдық туристік кадрларға еңбек қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті санаттар беріледі.

4 4. Қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын дайындау

19 Сертификат

19. Қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын дайындауды туристік жарыстарды, оқу-жаттығу жорықтарын және экскурсияларды, әртүрлі күрделі туристік маршруттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қоғамдық туристік бірлестіктер ұйымдастырған туристік іс-шараларда (курстарда, семинарларда, жиындарда), экскурсия жетекшілерінің курстарында спорттық туризмнің облыстық федерациялары жүзеге асырады.
"Туристік ұйымдар қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру, оларды
аттестаттау және қоғамдық туристік
кадрлардың әртүрлі санаттарын
даярлау (спорттық туризмнің барлық
түрінің нұсқаушылары, туристік
құтқарушылар және басқалар)
Ережесіне қосымша
Сертификат
__________________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
берілді, өйткені ол ____________________________________ мамандығы
бойынша біліктілігін арттыру курсын бітірді
Жетекші
_____________________________      М.О. ___________
(аты-жөні, лауазымы)                (қолы)
200_жылғы "___"_________ берілді          Тіркеу N_____

Қолданыстағы