О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 1207
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1207
- Қабылданған күні
- 27.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 190989_674954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300001207
- ЭКБ идентификаторы
- 190989
- Редакция идентификаторы
- 190989_674954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:00
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мына мемлекеттік мекемелері:
1 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу;
2 2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Министрлiктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.».