О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 1207
·
10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1207
- Қабылданған күні
- 27.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 190989_674954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300001207
- ЭКБ идентификаторы
- 190989
- Редакция идентификаторы
- 190989_674954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:00
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мына мемлекеттік мекемелері:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Министрлiктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.».