Об утверждении Правил регистрации оригинаторов сортов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил регистрации оригинаторов сортов
- Атауы (қаз.)
- Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 91
- Қабылданған күні
- 23.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2013 AI19099_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002746_
- ЭКБ идентификаторы
- 19099
- Редакция идентификаторы
- AI19099_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:26
0 Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
0 Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі
"Сорттар оригинаторларын
тіркеу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 91 бұйрығымен
бекітілген
Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және сорттар оригинаторларын тіркеу тәртібін айқындайды.
2 2. Сорттар оригинаторларын тіркеуді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) жүргізеді.
3 3. Сорт оригинаторы болып патент иегері болып табылатын немесе сортты лицензия негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға тіркеле алады.
4 4. Шетелдік селекция сортының оригинаторы болып жеке және заңды қазақстандық тұлға да, жеке және заңды шетелдік тұлға да тіркеле алады.
Бір сорт бойынша бір немесе бірнеше сорттар оригинаторлары тіркеле алады.
2 2. Сорттар оригинаторларын тіркеу тәртібі
5 5. Тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға Ауылшарминіне мына құжаттарды:
1 1) белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша);
2 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3 3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
4 4) жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5 5) өндірістік құндылығын айқындайтын биологиялық белгілері мен қасиеттері жөніндегі сорттың мінездемесін (сорттың сипаттамасы).
6 6. Ауылшармині жеке немесе заңды тұлғадан тіркеуге өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) айдың ішінде тапсырылған құжаттарды зерттейді және осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болса сорт оригинаторының тіркеулік нөмірін береді.
7 7. Тіркеу сорт оригинаторына Мемтізілімге енгізілген сортты сақтауға құқық береді.
8 8. Сорт патентінің күші жойылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған, сондай-ақ сорт Мемтізілімнен алынып тасталған жағдайда сорт оригинаторы сорт оригинаторларының тізбесінен алынып тасталады.
3 3. Өтпелі жағдайлар
9
9. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының патент иесіне селекциялық жетістікке патент беруді реттейтін құқықтық нормаларының күшіне енуіне дейін жеке немесе заңды қазақстандық тұлға Ауылшарминіне осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына бұдан бұрын күші бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген селекциялық жетістікке құқығын растайтын құжаттың (авторлық куәлік немесе куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмесін тапсырады.
1 ӨТIНIШ
Сорттар оригинаторларын
тіркеу ережесіне қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне
__________________________________________________________________
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және бар болған жағдайда әкесiнiң аты, заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сорт көрсетiлсiн)
сорт оригинаторы деп тiркеудi сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
1. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе
анықтаманың деректері______________________________________________
______________________________________________________________
(№, кiм және қашан берілді)
2. Мекенжайы: _______________________________________________
______________________________________________________________
(индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үйдiң №, телефоны, факсы)
3. Банктік деректемелер______________________________________
___________________________________________________________________
(ЖСН (БСН), МФО, шот №, банктiң атауы және тұрған жерi)
4. Қоса берiлiп отырған құжаттар:___________________________
__________________________________________________________________
(Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесінiң 5-тармағына сәйкес)
Басшы _________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты және әкесiнiң аты болған жағдайда)
Мөр орны
20__ жылғы «___» _________________
Өтiнiш қарастыруға 20__ жылғы «___» ___________ қабылданды.
__________________________________________________________________
(өтiнiш қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесiнiң аты болған жағдайда, қолы)