Құжат мәтініне өту

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Каргалинского района Актюбинской области

Қаулы · № 354 · қабылданған 13.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-191048/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Каргалинского района Актюбинской области Қолданыста Қаулы ·№ 354 ·13.12.2023
13.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Каргалинского района Актюбинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 354 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Каргалинского района Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
354
Қабылданған күні
13.12.2023
Көрсетілген редакция
13.12.2023 191048_677798.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23C0008476
ЭКБ идентификаторы
191048
Редакция идентификаторы
191048_677798
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:55

0 Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Қарғалы ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТI:

1 1. Қарғалы ауданының Желтау ауылдық округінің шекаралары оның құрамынан жалпы ауданы 36 957 гектар Шамшы Қалдаяқов ауылының аумағын алып тастай отырып өзгертілсін.

Қарғалы ауданының Желтау ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 45 935 гектар болып белгіленсін.

2 2. Қарғалы ауданында жаңа әкімшілік аумақтық бірлік - жалпы ауданы 36 957 гектар Шамшы Қалдаяқов ауылы құрылсын.

3

3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Қарғалы ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірлікті күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы келтірсін.

5 5. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

6 6. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы