Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм и правил предоставления иными государственными органами сведений об объеме производства и оборота нефтепродуктов и иной необходимой информации в единую базу данных

Бұйрық · № 80 · қабылданған 18.02.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19125/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении форм и правил предоставления иными государственными органами сведений об объеме производства и оборота нефтепродуктов и иной необходимой информации в единую базу данных Күшін жойған Бұйрық ·№ 80 ·18.02.2004
27.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм и правил предоставления иными государственными органами сведений об объеме производства и оборота нефтепродуктов и иной необходимой информации в единую базу данных

Күшін жойған Бұйрық ·№ 80 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм и правил предоставления иными государственными органами сведений об объеме производства и оборота нефтепродуктов и иной необходимой информации в единую базу данных
Атауы (қаз.)
Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
80
Қабылданған күні
18.02.2004
Көрсетілген редакция
27.02.2013 AI19125_5.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002751_
ЭКБ идентификаторы
19125
Редакция идентификаторы
AI19125_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:27

0 Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы

"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігі (келісім бойынша):

1 1) осы бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзім ішінде мәліметтерді қалыптастыру және беруге жауапты тұлғаларды айқындасын;

2 2) жауапты тұлғалардың құрамындағы өзгерістер туралы өзгерістер орын алған күннен бастап үш күннен кешіктірмей хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (М.Н. Ысқақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы міндетін атқарушы вице-министр - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы М.Н. Ысқақовқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералды
ресурстар министрлігі
20 ақпан 2004 жыл
________________________
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
25 ақпан 2004 жыл
________________________

1 Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері

"Өзге де мемлекеттік
органдардың мұнай
өнімдерін өндірудің және
олардың айналымының
көлемі туралы мәліметтерді
және басқа да қажетті
ақпаратты бірыңғай дерекқорға
беруінің нысандары мен
ережелерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 18 ақпандағы
N 80 бұйрығына
1-қосымша
Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің
ережелері

1

1. Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің осы ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және өзге де мемлекеттік органдардың бірыңғай дерекқорға мәліметтер беруінің тәртібін айқындайды.

2

2. Осы Ережелерде бірыңғай дерекқор деп өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ақпараттарының негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық дерекқор түсініледі.

3 3. Мұнай өнімдерін өндірудің және оларды тиеп жөнелту көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты өзге мемлекеттік органдар бірыңғай дерекқорға ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

4 4. Мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай дерекқорға мынадай мерзімдерде береді:

1 1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі:

өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру және тиеп жөнелту теңгерімі - ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне береді;

2 2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігі:

мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану бойынша; мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін; октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі - мәліметтердің өзгеруіне қарай;
лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған, жаңғыртылған және тоқтатылған мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану бойынша; мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін; октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі - мәліметтердің өзгеруіне қарай;
мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай қоймасы, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі-мәліметтердің өзгеруіне қарай;
лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған, жаңғыртылған және тоқтатылған мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай қоймасы, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі-мәліметтердің өзгеруіне қарай.

5 5. Бірыңғай дерекқорға электрондық құжатты алудың растығы болып жіберушінің алушыдан алған электрондық құжатты қабылдағаны туралы электрондық хабарламасы табылады.

6 6. Өзге де мемлекеттік органдар бірыңғай дерекқорға беретін мәліметтер натуралды (тонна), мөлшерлік (дана) және ақшалай (мың теңге) түрде көрсетіледі.

7 7. Берілетін мәліметтерге үшінші тұлғалардың енуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2 Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары

"Өзге де мемлекеттік
органдардың мұнай
өнімдерін өндірудің және
олардың айналымының
көлемі туралы мәліметтерді
және басқа да қажетті
ақпаратты бірыңғай дерекқорға
беруінің нысандары мен
ережелерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 18 ақпандағы
N 80 бұйрығына
2-қосымша
Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің
нысандары

1 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен мәліметтерді беру нысаны:

Мұнай өнімдерін өндіру теңгерімі (жеделдік ақпарат).
Мерзімділігі - ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне береді.
N
За­уыт­тар
Бен­зин
Есеп­ті ай үшін
Жыл ба­сы­нан өн­ді­рі­л­ген
Ай ба­сы­на қал­дық
Өн­ді­рі­л­ген
Ай со­ңы­на қал­дық
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ди­зель оты­ны
Ма­зут
Ес­кер­ту
Есеп­ті ай үшін
Жыл ба­сы­нан өн­ді­рі­л­ген
Есеп­ті ай үшін
Жыл ба­сы­нан өн­ді­рі­л­ген
Ай ба­сы­на қал­дық
Өн­ді­рі­л­ген
Ай со­ңы­на қал­дық
Ай ба­сы­на қал­дық
Өн­ді­рі­л­ген
Ай со­ңы­на қал­дық
7
8
9
10
11
12
13
14
15

2 2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен жеткізілім көлемдері туралы мәліметтерді беру нысаны:

1

1) 200__ жылдың _____ жағдай бойынша мұнайгазөңдеу өндірісін пайдалану қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі: мұнайды бастапқы және терең қайта өңдеу; октандық санды арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша;
N
СТН-і (БСН-і)
ата­уы
Бас­шы­ның аты-жө­ні
Заң­ды ме­кен-жайы (те­ле­фон, факс)
Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік (қай­та тір­кеу)
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ли­цен­зи­я­ның бе­ру кү­ні
Ли­цен­зи­я­ның N
Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Қыз­мет тү­рі
Мұ­най өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі
Кө­лем мың тон­на/жыл (өн­ді­ріс пас­пор­ты бой­ын­ша)
7
8
9
10
11
12

2

2) 200__ жылдың __________ жағдай бойынша мұнайгазөңдеу өндірісін пайдалану қызметін жүзеге асыратын, лицензияларының күші тоқтатыла тұрған, күшіне қайта енген және күші тоқтатылған Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі: мұнайды бастапқы және терең қайта өңдеу; октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша;
N
СТН-і (БСН-і)
ата­уы
Ли­цен­зи­я­ның бе­ру кү­ні
Ли­цен­зи­я­ның
N
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Кү­ні
Се­бе­бі
Ше­шім
Тоқ­та­ты­ла тұ­ру
ен­ген
тоқ­та­ты­л­ған
6
7
8
9
10

3 3) 200__ жылдың ________ жағдай бойынша мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай сақтау, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі

N
СТН-і (БСН-і)
ата­уы
Бас­шы­ның аты-жө­ні
Заң­ды ме­кен-жайы (те­ле­фон, факс)
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік (қай­та тір­кеу)
Ли­цен­зи­я­ның бе­ру кү­ні
Ли­цен­зи­я­ның N
Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­ның неме­се АЖС ме­кен-жайы (қа­ла, аудан, те­ле­фон)
Кө­лем мың тон­на/жыл (пас­пор­ты бой­ын­ша)
6
7
8
9
10
11

4

4) 200__ жылдың ______ жағдай бойынша мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай сақтау, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын, лицензияларының күші тоқтатыла тұрған, күшіне қайта енген және күші тоқтатылған Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі
N
СТН-і (БСН-і)
ата­уы
Ли­цен­зи­я­ның бе­ру кү­ні
Ли­цен­зи­я­ның
N
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Кү­ні
Се­бе­бі
Ше­шім
Тоқ­та­ты­ла тұ­ру
ен­ген
тоқ­та­ты­л­ған
6
7
8
9
10

Қолданыстағы