Құжат мәтініне өту

Об утверждении основных показателей государственного геодезического и картографического обеспечения Республики Казахстан

Бұйрық · № 678/НҚ · қабылданған 28.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-191326/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении основных показателей государственного геодезического и картографического обеспечения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 678/НҚ ·28.12.2023
28.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении основных показателей государственного геодезического и картографического обеспечения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 678/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении основных показателей государственного геодезического и картографического обеспечения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
678/НҚ
Қабылданған күні
28.12.2023
Көрсетілген редакция
28.12.2023 191326_769962.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033845
ЭКБ идентификаторы
191326
Редакция идентификаторы
191326_769962
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:56

0 Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 213-22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 678/НҚ
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және
картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері

1 1. Іргелі астрономиялық-геодезиялық желі пункттерінің саны – 11 пункт.

2 2. Жоғары дәлдіктегі геодезиялық желі пункттерінің саны – 75 пункт.

3 3. I-II сыныпты нивелирлік желінің ұзақтығы – 53 370,5 қума шақырым.

4 4. III, IV сыныпты нивелирлік желі пункттерінің саны – 6342 пункт.

5 5. Іргелі гравиметриялық желі пункттерінің саны – 11 пункт.

6 6. 1-сыныпты гравиметриялық желі пункттерінің саны – 62 пункт.

7 7. Қазақстан Республикасының аумағын қамтитын мемлекеттік топографиялық карталардың масштабтық қатардың номенклатуралық парақтар саны:


То­по­гра­фи­я­лық кар­та­ның мас­шта­бы
Но­мен­кла­ту­ра­лық па­рақ­тар са­ны
1
1:25 000
32 565
2
1:50 000
8 330
3
1:100 000
2 166
4
1:200 000
587
5
1:500 000
82
6
1:1 000 000
26

8 8. Аэроғарыштық түсірілім материалдары бойынша Қазақстан Республикасы аумағының масштабы 1:25 000 цифрлық ортофотомозайкаларының ауданы – 2 725 000 шаршы шақырым.

Қолданыстағы