Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, на которых запрещено проведение пикетирования в городе Астане

Өзге акт · № 133/16-VIII · қабылданған 26.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-191355/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, на которых запрещено проведение пикетирования в городе Астане Қолданыста Өзге акт ·№ 133/16-VIII ·26.12.2023
26.12.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, на которых запрещено проведение пикетирования в городе Астане

Қолданыста Өзге акт ·№ 133/16-VIII · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, на которых запрещено проведение пикетирования в городе Астане
Атауы (қаз.)
Астана қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
133/16-VIII
Қабылданған күні
26.12.2023
Көрсетілген редакция
26.12.2023 191355_676594.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23AAZ13680
ЭКБ идентификаторы
191355
Редакция идентификаторы
191355_676594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:12

0

Астана қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Астана қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

2 2. «Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды анықтау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 512/68-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.

1 Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 133/16-VIII шешімі
№ 1-қосымша
Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
Р/с №
Ар­найы орын ата­уы
Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рық­тан­ды­ры­луы
Шек­ті то­лу са­ны
1.
Ш. Құ­дай­бер­ді­ұ­лы даң­ғы­лы мен А. Пуш­кин кө­ше­сі қиы­лы­сын­да­ғы ша­ғын­бақ
Жер учас­ке­сі­нің ау­ма­ғы – 4380 ш.м; кө­ше жа­ры­ғы;
электр энер­ги­я­сын қо­су нүк­те­сі;
бей­не­ба­қы­лау және бей­не­жа­з­ба ка­ме­ра­ла­ры;
35 тұ­рақ ор­ны (1 кі­ру, 1 шы­ғу)
1000 адам
2.
«Сто­лич­ный» цир­кі ғи­ма­ра­ты­ның жа­нын­да­ғы алаң
Жер учас­ке­сі­нің ау­ма­ғы – 2064 ш.м; кө­ше жа­ры­ғы;
электр энер­ги­я­сын қо­су нүк­те­сі;
60 тұ­рақ ор­ны (1 кі­ру, 1 шы­ғу).
бей­не­ба­қы­лау және бей­не­жа­з­ба ка­ме­ра­ла­ры;
1000 адам
3.
Са­ры­ар­қа даң­ғы­лын­да­ғы са­ябақ­тың шы­ғыс бө­лі­гі
Жер учас­ке­сі­нің ау­ма­ғы – 3500 ш.м; кө­ше жа­ры­ғы;
электр энер­ги­я­сын қо­су нүк­те­сі;
бей­не­ба­қы­лау және бей­не­жа­з­ба ка­ме­ра­ла­ры;
300 адам
4.
«Ге­не­рал И. Пан­фи­лов және 28 пан­фи­лов­шы­лар ба­тыр­ла­ры» ес­керт­кі­ші­нің жа­нын­да «Же­рұй­ық» са­яба­ғы же­лек­жо­лы­нан сол­тү­стік-шы­ғыс бө­лі­гі
Жер учас­ке­сі­нің ау­ма­ғы – 2000 ш.м. кө­ше жа­ры­ғы;
электр энер­ги­я­сын қо­су нүк­те­сі;
бей­не­ба­қы­лау және бей­не­жа­з­ба ка­ме­ра­ла­ры;
200 адам
5.
Жа­зу­шы­лар ал­ле­я­сы­нан (Абая даң­ғы­лы – Ә. Сем­би­нов кө­ше­сі) ба­стап ша­ғын­бақ­қа (Ш. Құ­дай­бер­ді­ұ­лы даң­ғы­лы – А. Пуш­кин кө­ше­сі) дей­ін
Ба­ғыт ұзынды­ғы 2055 м. құ­рай­ды;
кө­ше бой­ын­да кө­ше жа­рық­та­ры бар;
бей­не­ба­қы­лау және бей­не­жа­з­ба ка­ме­ра­ла­ры
1000 адам
______________________________

2 Астана қаласында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы «___»__________
№ ______________ шешімі
№ 2-қосымша
Астана қаласында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

2 2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

____________________________

3 Астана қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы «___»__________
№ ______________шешімі
№ 3-қосымша
Астана қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

1 1. Осы Астана қаласындағы арнайы орындарды пайдалану тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Тәртіп келесі ұғымдарды пайдаланады:

1 1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Астана қаласының мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру бағдары;

2

2) бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара;

3

3) шеру – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады;

4

4) пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы, бұл қозғалыссыз және дыбыс күшейткіш техникалық құралдар пайдаланылмай, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.

3 3. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бірлесіп, бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін мынадай мәселелер бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

1 1) периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау;

2

2) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс деңгейімен дыбысты күшейтетін техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттар мен көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;

3 3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалану, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасау;

4 4) жазушылар аллеясынан (Абай даң. – Ә. Сембинов көш.) бастап шағынбаққа (Ш. Құдайбердіұлы даң. – А. Пушкин көш.) дейінгі шеру бағытымен танысу.

4 4. Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

1 1) өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;

2 2) ғимараттардың, орын-жайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

3 3) санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

4

4) «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 тамызы № 278 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21104 болып тіркелген) сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар айырым белгісін тағып жүреді.

5

5. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
____________________________

4 Астана қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы «___»__________
№ ______________шешімі
№ 4-қосымша
Астана қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Астана қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:
жаппай жерлеу орындарында;
теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
Қазақстан Республикасы Президентінің резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;
қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.
____________________________

Қолданыстағы