Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан

Қаулы · № 3-1-618п · қабылданған 03.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19142/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 3-1-618п ·03.03.2004
22.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 3-1-618п · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-1-618п
Қабылданған күні
03.03.2004
Көрсетілген редакция
22.11.2010 AI19142_12.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04A000321_
ЭКБ идентификаторы
19142
Редакция идентификаторы
AI19142_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:23

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

2 2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Астана қаласының Қаржы басқармасы қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4

4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 3-1-576қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 7 сәуірінде N 254 болып тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 47 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 19 сәуірде N 43 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

5 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Келісілді
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 3-1-618қ қаулысымен
бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы
Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік қолдау көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедектерді ертіп жүруге көрсетіледі.

2 2. "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімгері тиісті қаржылық жылға сәйкес "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы " мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) болып табылады.

3 3. Бағдарламаны қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

4 4. Әлеуметтік қолдау көрсету осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1 1) жеке куәліктің көшірмесі;

2 2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі берген мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;

4 4) банктік шот ашылғандығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Әлеуметтік қолдау көрсету өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.

5

5. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген адамдарды әлеуметтік қолдау ай сайын, ақшалай қаражатты Астана қаласы банктерінің бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карт-шоттарына аудару арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.

5-1 5-1. Әлеуметтік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген жеке көмекшілер қызметін пайданалатын адамдарға таратылмайды.

6 6. Астана қаласының Қаржы басқармасы қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаны қаржыландыруды жүзеге асырады.

Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің "Мемлекеттік
зейнетақы төлеу орталығы"
Республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
филиалының директоры
Астана қаласы Еңбек,
халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы

Қолданыстағы