Об утверждении Правил согласования внутренних документов организаций, осуществляющих деятельность на рынке ценных бумаг на основании лицензий, выданных уполномоченным органом Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын келісу ережесін бекіту туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын келісу ережесі және оларға өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне, өзін-өзі басқаратын ұйымдарға, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, Орталық депозитарийге жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Тармақ 5. Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын келісу ЕРЕЖЕСІ
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының "Бағалы қағаздар
рыногында уәкілетті орган
берген лицензиялардың
негізінде қызметті жүзеге
асыратын ұйымдардың ішкі
құжаттарын келісу ережесін
бекіту туралы"
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 33 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын келісу ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын және оларға өзгерістер мен толықтыруларды (бұдан әрі - ішкі құжаттар) келісу тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Өтініш беруші ішкі құжаттарды уәкілетті органға екі данада, парақтары нөмірленген, тігілген, өтініш берушінің атқарушы органы басшысының не атқарушы органның қызметін жеке дара атқаратын тұлғаның қолы қойылған және өтініш берушінің мөрі басылған етіп ұсынады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган ішкі құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды. Ішкі құжаттар Қазақстан Республикасының заң талаптарына және осы Ереженің 1-тармағына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган оларды келісіп, өтініш берушіге ішкі құжаттардың бір данасын уәкілетті органның келісу туралы белгісін қойып қайтарады.
Тармақ 3
3. Ішкі құжаттар Қазақстан Республикасының заң талаптарына және осы Ереженің 1-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды келісуден бас тартады.
Уәкілетті орган өтініш берушіні ішкі құжаттарды келісуден бас тартқандығы туралы жазбаша хабардар етеді.
Өтініш беруші ішкі құжаттарды қайта ұсынған кезде оларды қарау мерзімі жаңадан есептеледі.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.