Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии

Қаулы · № 41 · қабылданған 16.02.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19155/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии Күшін жойған Қаулы ·№ 41 ·16.02.2004
25.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии

Күшін жойған Қаулы ·№ 41 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии
Атауы (қаз.)
Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41
Қабылданған күні
16.02.2004
Көрсетілген редакция
25.02.2013 AI19155_8.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002771_
ЭКБ идентификаторы
19155
Редакция идентификаторы
AI19155_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:28

0 Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Еріксіз таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Жәмішевке жүктелсін.

8 Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы
16 ақпандағы N 41 қаулысымен
бекітілді
Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау тәртібін реттейді және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қажетті құжаттарды ұсынған және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар (бұдан әрі - кандидат) арасынан уәкілетті органның шешімімен (бұдан әрі - тағайындау туралы шешім) тағайындалады.

2 2. Уәкілетті органның қызметкері болып табылмайтын тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері тарату комиссиясы қызметінің барлық кезеңі ішінде осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болулары тиіс.

3 3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай жағдайларда:

1 1) кандидаттардың осы Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде;

2 2) тарату комиссиясының құрамына тағайындалуға кандидаттар болмағанда;

3 3) қаржы ұйымында тарату массасы болмағанда не ағымдағы шығыстарды өтеу үшін оның құны жеткіліксіз болғанда тағайындалады.

Уәкілетті органның қызметкерлері осы Ереженің 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбайды және әңгімелесуден өтпейді.

2 2-тарау. Кандидаттарға қойылатын талаптар

4 4. Кандидатқа мынадай талаптар қойылады:

жоғары экономикалық не заң білімінің болуы;
қаржы ұйымдарын тарату рәсімдерін жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.

5 5. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі:

заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар;
оған қатысты тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде қаржы ұйымында тарату рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, жүктелген міндеттерді орындамау немесе ойдағыдай орындамау фактісі анықтала, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасаған не басқаларға артықшылық берген, өзге іс-әрекеттерді жасаған (жасамаған) (бұрын қаржы ұйымының (филиалының) басшысы, тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған тұлға үшін);
соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 7), 9), 10), 13) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілерінің болмауы;
осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны еріксіз тарату туралы шешім қабылдағанға дейін (оның ішінде банкроттық негіз бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешім қабылдаған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады (оны банкрот деп тану негізін қосқанда);
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының лауазымды тұлғасын қоспағанда, борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылатын жеке тұлға;
таратылатын қаржы ұйымына қатысты аффилиирленген тұлға тағайындалмауы мүмкін.

3 3-тарау. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасын не мүшесін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттарды қарау және тағайындау туралы шешім қабылдау

6 6. Кандидат мынадай құжаттарды қоса бере отырып, атауы көрсетілген қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін уәкілетті органға ұсынады:

1 1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2 2) жоғары білім туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;

3 3) еңбек кітапшасының, еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмелері;

4 4) кандидат бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);

5 5) сотталмағандығы туралы анықтама;

6 6) осы Ереженің қосымшасына сай нысан бойынша сауалнама;

7 7) банкрот рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыру лицензиясының көшірмесі (ондай болса);

8 8) ұсынылған құжаттардың тізімдемесі.

7 7. Уәкілетті орган осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың Осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуына қарайды және қажет болған жағдайда өзге мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға сұратулар жібереді.

8 8. Егер уәкілетті органға ұсынылған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген болса, олар қараусыз кандидатқа қайтарылады. Қайтарылған құжаттардың көшірмелері кандидаттың ісіне қосып тіркеледі.

Кандидаттың қайта ұсынылған құжаттары жаңадан келіп түскен деп саналады және осы Ережеде белгіленген тәртіппен қаралады.

9 9. Осы Ереженің талаптарына сәйкес болуына ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі әңгімелесуге жол берген әрбір кандидатура(лар) бойынша қорытынды дайындайды.

Осы қорытынды кандидат ұсынған құжаттар пакетіне қоса тіркеледі.
Қаржы ұйымында (филиалында) бұрын басшы лауазымында болған немесе тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп бұрын тағайындалған кандидат үшін қорытындыда оның аталған лауазымдарда қызметі туралы, ол жіберген бұзулар, қаржы ұйымындағы тарату рәсімдерінің жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.

10 10. Әңгімелесуді уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде құрылатын біліктілік комиссиясы өткізеді. Әңгімелесу қорытындысы біліктілік комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.

Әңгімелесудің мақсаты кандидаттың қаржы ұйымдарын және өзге де заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша білімінің болуын, кандидаттардың осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ кандидаттардың кәсіби білімі мен қабілеттерін және жеке қасиеттерін анықтау болып табылады.

11 11. Уәкілетті орган тағайындау туралы шешімді дайындалған қорытынды және біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды және уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығы түрінде ресімдейді.

Уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тағайындау туралы бұйрығында таратылатын қаржы ұйымының атауы, тарату комиссиясы төрағасының және оның мүшелерінің аты-жөндері және бар болса әкесінің аты, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардың толық деректемелері көрсетіледі.

12 12. Уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалған кандидатқа жіберіледі.

12-1

12-1. Әңгімелесуден өтпеген және тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалмаған кандидаттарға біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша уәкілетті органның қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.

4 4-тарау. Тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту

13 13. Уәкілетті орган кандидатты қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту туралы шешімді мынадай негіздер бойынша қабылдайды:

1 1) ұсынылған құжаттарда шынайы емес ақпараттың болуы;

2

2) қаржы ұйымында тарату рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқа кредиторларға артықшылық беретін іс-әрекеттерді жасау, өзге іс-әрекеттерді жасау (жасамау) фактілері туралы құжаттар мен мәліметтердің болуы (бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып тағайындалған кандидат үшін);

3 3) оның осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

4-1 4-1-тарау. Тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату

13-1 13-1. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан мынадай негіздер бойынша босатады:

1 1) тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) ойдағыдай орындамауы;

2 2) оның ішінде қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын бұзуы;

3 3) уәкілетті органның осы Ереженің 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның қызметкерлері арасынан тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау туралы шешімі;

4 4) тарату комиссиясы төрағасының өз еркімен тарату комиссиясының төрағасы міндетін атқарудан босату жөніндегі өтініші;

5 5) тарату комиссиясы төрағасының еңбек шартын бұзуға байланысты тарату комиссиясы мүшесінің міндетін атқарудан босату туралы өтініші. Өтініш уәкілетті органға тарату комиссиясының мүшесімен еңбек шартын бұзған күннен кешіктірілмей беріледі.

13-2 13-2. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тарату комиссиясының есептері, тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексеру актілері мен өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды.

13-3 13-3. <*>

13-4 13-4. Уәкілетті орган біліктілік комиссиясы әзірлеген қорытынды мен хаттаманың негізінде тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату туралы шешім қабылдайды.

13-5 13-5. Міндеттерді орындаудан босату туралы шешімнің көшірмесі тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне оған қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.

5 5-тарау. Қорытынды ережелер

14 14. <*>

15 15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

55 Кандидатты тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындау сауалнамасы

Еріксіз таратылатын банктің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және жинақтаушы зейнетақы
қорының тарату комиссиясын тағайындау
және босату ережесі және тарату
комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне
қойылатын талаптарға қосымша
3x4 фо­то­су­рет
Кандидатты тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындау сауалнамасы
________________________________________________________________
(мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының толық атауы
________________________________________________________________
______________________200__жыл
(күні)
Лауазымның атауы_______________________________________
Өмірбаян деректері:

1 1. Тегі, аты, әкесінің аты

_________________________________________________________________
(толық көрсетіңіз)

2 2. Үйдің мекен-жайы (оның ішінде почталық индексті көрсете отырып)

_________________________________________________________________

3 3. Туған күні мен жері

_________________________________________________________________

4 4. Азаматтығы

_________________________________________________________________

5 5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

_________________________________________________________________

6 6. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу

_________________________________________________________________

7 7. Байланыс телефонының толық нөмірі

_________________________________________________________________

8 8. Білімі туралы деректер (біліктілікті көтеру курстарын қоса алғанда):

тар­мақ­ша
оқу ор­ны­ның, фа­куль­тет­тің (бө­лім­ше­нің, ма­ман­дық­тың) ата­уы
оқу ке­зе­ңі
бе­рі­л­ген ма­ман­дық
бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның, сер­ти­фи­кат­тың, ку­ә­лік­тің де­ректе­ме­ле­рі
оқу ор­ны­ның ор­на­лас­қан же­рі
1.
2.
...

9 9. Сіздің біліктілігіңізді және құзыреттілігіңізді объективті түрде анықтау үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа да ақпарат:

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

10 10. Қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысу:

Тар­мақ­ша
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы мен ор­на­лас­қан же­рі
заң­ды тұл­ға қыз­мет­тің жар­ғы­лық түр­ле­рі
Сіз­дің осы заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су со­ма­ңыз бен үле­сі­ңіз
1.
2.
...

11 11. Алынған заемдар туралы мәліметтер:

тар­мақ­ша
за­ем бер­ген тұл­ға­ның ата­уы (адам­ның аты) мен ор­на­лас­қан же­рі
за­ем бой­ын­ша негіз­гі бо­рыш со­ма­сы
за­ем­ның бе­рі­л­ген кү­ні
за­ем­ның өтел­ген кү­ні
ағым­да­ғы сәт­ке бе­ре­шек со­ма­сы
за­ем бой­ын­ша сый­а­қы став­ка­сы (жыл­дық %)
1.
2.
...

12 12. Қаржы нарығында құқық бұзушылықтар жасағаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба

_________________________________________________________________

13 13. Бұрын қаржы ұйымының немесе мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы
соттың шешім шығарған күні, таратылу/банкрот болу себебі)

14 14. Заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығыңыз бар ма _______________________________________________________

15

15. Сізге қатысты қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларына артықшылық беретін іс-әрекеттерді жасау, өзге іс-әрекеттерді жасау (жасамау) фактілері бар ма. Осылар бар болса, қандай екенін көрсетіңіз
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

16 16. Сізде соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 7), 9), 10), 13) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері бар ма

___________________________________________________________________

17

17. Сіз осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болдыңыз ба.
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы
соттың шешім шығарған күні, таратылу/банкрот болу себебі)

18 18. Сіз борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы болып табыласыз ба ______________________________________________________

19 19. Сіз таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы болып табыласыз ба

____________________________________________________________________

20 20. Сіз таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табыласыз ба _______________________________________________________

21 21. Сіз таратылатын қаржы ұйымына қатысты аффилиирленген тұлға болып табыласыз ба _________________________________________________

Қолы______________ Күні__________________

Қолданыстағы