О Правилах содержания домашних собак, кошек по Есильскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах содержания домашних собак, кошек по Есильскому району
- Атауы (қаз.)
- Есiл ауданы бойынша үй иттерi мен мысықтарды ұстау ережесi туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 20.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2009 AI19176_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04SF001189
- ЭКБ идентификаторы
- 19176
- Редакция идентификаторы
- AI19176_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:27
0 Есiл ауданы бойынша үй иттерi мен мысықтарды ұстау ережесi туралы
2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және 2001 жылдың 30 қаңтарындағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына сәйкес, Есiл ауданында үй иттерi мен мысықтарының санитарлық тазалық жағдайын тәртiпке келтiру мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1 1. Есiл ауданы бойынша үй иттерi мен мысықтарды ұстау ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiм облыстық әдiлет департаментінде тiркелгеннен кейiн күшке енедi.
3 Аудандық мәслихаттың шешiмiне
2004 жылдың 20 ақпандағы
Есiл ауданы бойынша үй
иттерi мен мысықтарды ұстау
ережесiн бекiту туралы
шешіміне қосымша
Есiл ауданы бойынша үй иттерi мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСI
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы ереже меншіктің нысанынан байланыссыз кәсіпорындармен ұйымдарды қоса, Есіл ауданында барлық yй мысықтары мен иттердің иелеріне қатысты.
2 2. Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын жындануға және басқа ауруларға қарсы вакциналар жасатып, үй жануарларын мал дәрігерлік мекемелерінде тіркеуге міндетті. Вакцинадан өткендігі туралы анықтама тіркеуден өткендігін куәландыратын құжат болып табылады.
3 3. Мысық пен иттерді ұстағанда мал дәрігерлік-санитарлық және санитарлық-гигиеналық ережені міндетті түрде сақтау.
4
4. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек мал-дәрігерлік қызметінің рұқсатымен ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек байлап қана ұстай алады. Балалардың олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін болдырмау.