Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания материальной помощи по программе "Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов"

Қаулы · № 17 · қабылданған 13.02.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19177/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания материальной помощи по программе "Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов" Күшін жойған Қаулы ·№ 17 ·13.02.2004
31.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания материальной помощи по программе "Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 17 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания материальной помощи по программе "Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов"
Атауы (қаз.)
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша материалдық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
13.02.2004
Көрсетілген редакция
31.12.2009 19177_216924.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04SK001190
ЭКБ идентификаторы
19177
Редакция идентификаторы
19177_216924
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:29

0 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша материалдық көмек

көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жеңiлдiктер және Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, мүгедектердi және оған теңестiрiлген тұлғаларды әлеуметтiк қолдау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығының 20-бабына (Қазақстан правдасы» 1995 жыл 6 мамыр), аудандық мәслихаттың ІІІ сессиясының «2004 жылдың аудандық бюджетi туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 10 шешiмiне (2003 жылдың 29 желтоқсаны т/н N 1099, Тайыншинские вести» 2004 жылдың 30 қаңтары N 5) сәйкес, мүгедектердi, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және оларға теңдестiрiлген тұлғаларды қосымша әлеуметтiк қолдау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша материалдық көмек көрсету қоса берілген Ережесі бекітілсін.

2 2. Тайынша ауданы әкімдігінің»2001 жылғы 16 шілдедегі (2001 жылғы 21 тамыздағы т/н N 433, 2001 жылғы 5 қарашадағы N 40 "Тайыншинские вести") Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтарды жеке категорияларына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы туралы N 11 қаулысы жойылсын.

3 Аудан әкімдігінің "Жергілікті өкілетті

органдардың шешімі бойынша азаматтардың
бөлек санаттарына әлеуметтік төлемдер"
бағдарламасы бойынша материалдық көмек
көрсету Ережелерін бекіту туралы" қаулысына
2004 жылғы 13 ақпандағы N 17
Бекітілді
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша материалдық көмек көрсету
Ережесі

1 1. Жалпы ереже

1.1 1.1. Осы Ереже Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңдес тұлғаларға материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.

1.2 1.2. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ұлы Отан соғысына

қатысқандар мен мүгедектердің және оларға теңдес тұлғалардың
біржолғы материалдық көмекті алу құқығы бар. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңдес тұлғаларға материалдық көмекті тағайындау Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімімен жүргізіледі.

2 2. Материалдық көмек көрсету мөлшері

2.1 2.1. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңдес тұлғаларға материалдық көмек ай сайын 420 теңге мөлшерінде белгіленген.

2.2 2.2. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің және оларға теңдес тұлғалардың әрқайсысына республикалық мерзімді баспасөзге жазылу кезінде белгіленген жазылу бағасы мөлшерінде материалдық көмек.

3 3. Материалдық көмекті көрсету тәртібі және шарттары

3.1 3.1. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңдес тұлғаларға материалдық көмекті беру үшін:

3.1.1 3.1.1. белгіленген үлгісіндегі беру үшін;

3.1.2 3.1.2. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңдес тұлғалардың куәлігінің көшірмесі тапсырылады.

3.2 3.2. Өтініш қарастырылғаннан кейін материалдық көмекті көрсету үшін, материалдық көмектің тағайындалуы немесе материалдық көмектің тағайындалмауына шешім қабылданады.

3.3 3.3. Материалдық көмек тағайындалмаған жағдайда Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі келісім бермеген себебін жазбаша түсіндіреді және құжаттарды өтінішкерге қайтарады.

3.4 3.4. Бас тартуға енгіз болып табылады:

3.4.1 3.4.1. құжаттар пакетінің толық ұсынылмағаны;

3.4.2 3.4.2. жалған құжаттарды ұсыну;

3.4.3 3.4.3. егер арызданушы Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңдес тұлғаларға жататын болса.

3.5 3.5. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңдес тұлғаларға материалдық көмекті тағайындау 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі.

3.6 3.6. Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің және оларға теңдес тұлғалардың қайтыс болған күнінен бастап материалдық көмектің төлемі тоқтатылады.

4 4. Материалдық көмекті төлеу және қаржыландыру

4.1

4.1. Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражатынан берілген қаулының негізінде жүзеге асырылады. Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі материалдық көмек тағайындалған Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің және оларға теңдес тұлғалардың тізімдерін 2 данада "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамы" және "Халық банкі" ашық акционерлік қоғамы филиалына біржолғы және ай сайын беру үшін құрастырады. Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі ай сайын Тайынша аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға тапсырыс береді.

4.4

4.4. Материалдық көмекке қаржыларын төлеу және қаржыландыру арнайы мемлекеттік жәрдемдерін қаржыландыру есебімен жүргізеді. Аудандық бюджеттен бөлінген ақшалай қаржыларды "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамы және "Халық банкі" ашық акционерлік қоғамы филиалына, олармен жасалған келісім шартына сәйкес, Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі төлемге жібереді.

5 5. Материалдық көмек беруді бақылау

5.1

5.1. Әлеуметтік көмек тағайындалған Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің және оларға теңдес тұлғалардың қайтыс болған жағдайларын тіркеу туралы азаматтық жағдай актілерін жазу органдарына (АХАЖ) ай сайын Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі сұрау салады.

5.2 5.2. Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Тайынша аудандық бөліміне Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер және оларға тектес тұлғалар туралы мәліметтерге сұрау салады.

5.3 5.3. Материалдық көмектің заңсыз төленгені үшін, белгіленген заң тәртібімен, жүргізілген төлем үшін айыпты лауазымды тұлға жауап береді.

5.4 5.4. Төленген сомаларға бақылау "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамы және "Халық банкі"» ашық акционерлік қоғамы филиалы және Тайынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арасында ай сайынғы салыстырып тексеру актілері негізінде жүргізіледі.

Қолданыстағы