Құжат мәтініне өту

О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 1327 · қабылданған 30.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19180/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан Күшін жойған Жарлық ·№ 1327 ·30.03.2004
11.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан

Күшін жойған Жарлық ·№ 1327 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1327
Қабылданған күні
30.03.2004
Көрсетілген редакция
11.02.2008 AI19180_16.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U040001327_
ЭКБ идентификаторы
19180
Редакция идентификаторы
AI19180_16
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:16

0 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1 1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 384 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санын бекітсін.

4 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат);
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 939 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

5 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі он күн мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қарауға енгізсін.

6 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

8 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 31 наурыздағы
N 1327 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен
орынбасарлары
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Президент көмекшілері
Президент Кеңсесі
Президент кеңесшілері
Ақпараттық-талдау орталығы
Жалпы бөлім
Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі
Заңнама және құқықтық сараптау бөлімі
Кадр саясаты бөлімі
Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі
Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімі
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі
Қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Президенттің Парламенттегі өкілдігі
Президенттің Баспасөз қызметі
Президент Протоколы
Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері
және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы
Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы
Әлеуметтік-саяси бөлім
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі
Сыртқы саясат орталығы

Қолданыстағы