Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов табачным изделиям
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов табачным изделиям
- Атауы (қаз.)
- Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 18.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 19195_499852.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002785_
- ЭКБ идентификаторы
- 19195
- Редакция идентификаторы
- 19195_499852
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:20
0 Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру Ережелерін бекіту туралы
Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу және бақылауды жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
1 1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру Ережелері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Ким Р.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
0 Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру Ережелері
"Темекі өнімдеріне жеке
сәйкестендіру нөмірлерді-
кодтарды беру Ережелерін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық комитеті
Төрағасының 2004 жылғы 18 наурыздағы
N 133 бұйрығымен бекітілген
Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру Ережелері
Осы Ережелер заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында өндіретін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импортталатын Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру құрылымы мен тәртібін айқындайды.
1 1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар
1 1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1 1) темекі өнімдерінің таңбалары - темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын жиынтығында заңды және жеке тұлғалар пайдаланатын, осы темекі өнімдерін тұтынушы сәйкестендіре алуына арналған тауар белгісінің элементі;
2 2) темекі өнімдерінің атауы - осы темекі өнімін (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар және құрамында темекі бар өзге де өнімдер) нақты және дұрыс сипаттай алатын, оны темекі өнімдерінің басқа түрлерінен айыра білуге мүмкіншілік беруі тиіс атауы;
3 3) қорап - картоннан немесе басқа материалдардан жасалған, темекі өнімдерінің белгілі бір санынан тұратын тұтынушы ыдысының бірлігі;
4
4) жеке сәйкестендіру нөмір-коды - Қазақстан Республикасында өндірілген және тауарларды еркін айналымға шығарудың режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН-код) және темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) тізіліміне енгізіледі;
5 5) тізілім - уәкілетті орган қалыптастыратын ЖСН-кодтары бойынша деректердің электрондық банкі;
6 6) сүзгі - сүзгілеуші мүштік;
7 7) шаруашылық етуші субъект (өтінім беруші) - темекі өнімдерін Қазақстан Республикасында өндіру саласында қызметті және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.
2 2. ЖСН-код құрылымы
2 2. ЖСН-кодты құру кезінде кодтаудың фасеттік жүйесі қабылданған.
ЖСН-код құрылымы мынадай сызбада ұсынылған:
ХХХХ ХХ ХХХХ ХХ
| | | |_________ Қораптағы немесе бумадағы темекі
| | | өнімдерінің саны
| | |
| | |______________ темекі өнімдерінің таңбасы
| |
| |___________________ тауарлар тобы
|
|________________________ шаруашылық етуші субъектінің коды
Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) - шаруашылық етуші субъектінің коды.
Екінші фасет (екінші топ екі саннан) - тауарлар тобы (сүзгілі немесе сүзгісіз темекі өнімдері).
Тауарларды мынадай кодтау белгіленеді:
01 - сүзгімен темекі өнімдері;
02 - сүзгісіз темекі өнімдері.
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) - темекі өнімдерінің маркасы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) - қораптағы немесе бумадағы темекі өнімдерінің саны.
3 3. ЖСН-кодтарды беру шарты мен тәртібі
3
3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары, "Астана - жаңа қала" бойынша салық комитеттері (бұдан әрі - салық комитеттері) темекі өнімдерінің жаңа таңбаларын айдың 1 күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей сатуды жүзеге асыруды жоспарлайтын өтінім беруші (бұдан әрі - өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін) тиісті салық комитеттерінде тіркеу есебінде тұрған шаруашылық етуші субъектілерден қораптағы (бумадағы) темекі өнімдерінің атауын, бірлік санын және сүзгінің бар-жоғын (бұдан әрі - өтінім) көрсетумен Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын темекі өнімдері таңбаларының тізбесін қоса берумен ЖСН-кодтарды беруге арналған өтінімдерді (1-қосымша) жинауды қамтамасыз етеді.
4 4. Шаруашылық етуші субъектілерден қабылдаған өтінімдердің негізінде салық комитеттері өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға ЖСН-кодтарды беруге арналған жиынтық өтінімдерді (2-қосымша) жібереді.
5 5. Уәкілетті органға ЖСН-кодтарды беруді оларды жиынтық тізілімге енгізу арқылы жүзеге асырады (3-қосымша).
6 6. ЖСН-кодтарды беру жөнінде уәкілетті орган өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей темекі өнімдерінің таңбаларының тізілімі мен оларға берілген ЖСН-кодтарды көрсетумен салық комитеттерін жазбаша хабардар етеді.
7 7. Салық комитеттері өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей ЖСН-кодтарының берілгені туралы шаруашылық етуші субъектіні жазбаша хабардар етеді.
8 8. Темекі өнімдерінің әрбір таңбасына басқа темекі өнімдерінің түрлеріне пайдаланыла алмайтын жеке ЖСН-код беріледі.
9 9. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына бірнеше шаруашылық етуші субъектілер темекі өнімдерінің бірдей түрлерін импорттаған жағдайда, ЖСН-кодтар беруге арналған өтінімді шаруашылық етуші субъектілердің әрқайсысы жеке жеке береді.
1 Темекі өнімдеріне ЖСН-кодтарын беруге арналған өтінім
Темекі өнімдеріне жеке
сәйкестендіру нөмірлерді-
кодтарды беру Ережелеріне
1-қосымша
_______________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Салық комитеті Төрағасына
____________________________
(шаруашылық етуші субъектінің
____________________________
атауы, СТН-і, орналасқан орны)
"___" ____________ жыл
Темекі өнімдеріне ЖСН-кодтарын беруге арналған өтінім
___________________________________________________________________
N |Темекі |Темекі өнімдерінің |Қораптағы |Сүзгінің
р/с|өнімдерінің|(сигареттер, |(бумадағы) |бар-жоғы,
|таңбасы |папиростар, |темекі |(бар/жоқ)
| |сигаралар, |өнімдерінің |
| |сигариллалар және |бірлік саны,|
| |құрамында темекі бар |(дана) |
| |өзге де өнімдер) атауы| |
___________________________________________________________________
1.
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________
Басшы ______________________ _____________
(Аты-жөні) (қолы)
МО
2 Темекі өнімдеріне ЖСН-кодтарын беруге арналған жиынтық өтінім
Темекі өнімдеріне жеке
сәйкестендіру нөмірлерді-
кодтарды беру Ережелеріне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасына
_____________________
"___" ____________ жыл
Темекі өнімдеріне ЖСН-кодтарын беруге арналған жиынтық өтінім
___________________________________________________________________
N |Шаруашылық |Темекі |Темекі |Қораптағы |Сүзгінің
р/с |етуші |өнімдерінің|өнімдерінің |(бумадағы) |бар-жоғы,
|субъектінің|таңбасы |(сигареттер, |темекі |(бар/жоқ)
|атауы | |папиростар, |өнімдерінің |
| | |сигаралар, |бірлік саны,|
| | |сигариллалар |(дана) |
| | |және құрамында | |
| | |темекі бар өзге| |
| | |де өнімдер) | |
| | |атауы | |
___________________________________________________________________
1.
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________
Төраға __________________ ________ ____________
(Облыс) (қолы) (Аты-жөні)
3 Темекі өнімдерінің жеке сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі N ___
Темекі өнімдеріне жеке
сәйкестендіру нөмірлерді-
кодтарды беру Ережелеріне
3-қосымша
Облыстар, Астана және Алматы
қалалары бойынша салық
комитеттері
Темекі өнімдерінің жеке сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі N ___
___________________________________________________________________
N |Шаруашылық |СТН|Темекі |Темекі |Қораптағы |Сүзгі.|ЖСН
р/с|етуші | |өнімдерінің|өнімдерінің |(бумадағы) |нің |-код
|субъектінің| |маркасы |(сигареттер,|темекі |бар- |
|атауы | | |папиростар, |өнімдерінің|жоғы, |
| | | |сигаралар, |бірлік |(бар/ |
| | | |сигариллалар|саны, |жоқ) |
| | | | және |(дана) | |
| | | |құрамында | | |
| | | |темекі бар | | |
| | | |өзге де | | |
| | | |өнімдер) | | |
| | | |атауы | | |
___________________________________________________________________
1.
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасы __________________ ___________________
(қолы (Аты-жөні)
"___" _________200___ жыл