Об утверждении Правил по открытию, исполнению и закрытию аккредитива, открываемого за счет средств республиканского и местных бюджетов, и ведению учета и отчетности по аккредитивам Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдер ережесінің 360 және 366-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі ереже
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 114 бұйрығымен бекітілді Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Қаржылық рәсімдердің ережесі).
Тармақ 2
2. Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті және оның аумақтық органдарының Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу тәртібін реттейді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Қазынашылық комитеті) және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - Қазынашылықтың аумақтық органдары) заңнамаға және осы Ережеге сәйкес аккредитивтермен операцияларды жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Аккредитивті ашу тәртібі
2. Аккредитивті ашу тәртібі
Тармақ 3
3. Аккредитив Қазынашылық комитетінде мемлекеттік мекемелерге тауарлар (жұмыстар, қызметтер) берушінің пайдасына ашылады.
Тармақ 4
4. Аккредитив ашу үшін мемлекеттік мекеме: Қазынашылықтың аумақтық органына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада өтінішті; бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мемлекеттік мекеме мен беруші арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беру жөніндегі шарттың көшірмесін қоса бере отырып аккредитивтің ашылуы туралы хатты береді, онда есеп айырысудың аккредитивтік нысанын қолдану көрсетіледі. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі берілген құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын тексере отырып Қазынашылық комитетінен аккредитивтің ашылуы туралы қолдаухатты жібереді.
Тармақ 5
5. Аккредитив: ағымдағы қаржы жылында орындау үшін шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзіміне сәйкес келетін мерзімде, бірақ ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей ашылады және әрекет етеді; келесі қаржы жылында орындау үшін шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзіміне сәйкес келетін мерзімде, бірақ келесі қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей ұзартылады және әрекет етеді.
Тармақ 6
6. Қазынашылықтың аумақтық органы: өтінішті толтырудың толықтығына және дұрыстығына; мемлекеттік мекеме мен беруші арасындағы тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) беру жөніндегі шартта есеп айырысулардың аккредитивтің нысаны және құжаттар тізбесі ережесінің болуын тексеруді жүзеге асырады, оның негізінде аккредитивті орындау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеме берілген құжаттар сәйкес келген кезде Қазынашылық комитетіне ілеспе хатпен аккредитив ашуға өтініштің төрт данасын жібереді.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде аккредитивтің орындалуын ұзартқан жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің көшірмесін қоса бере отырып мемлекеттік мекемеге аккредитивті ұзарту туралы Қазынашылық комитетін жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Қазынашылық комитеті берілген құжаттардың негізінде мемлекеттік мекемеге аккредитив ашады. Аккредитивті ашқаннан кейін өтініштің бір данасы Қазынашылық комитетінде қалады, шотын көрсете отырып аккредитивтің ашылуы туралы белгімен үш данасы Қазынашылықтың аумақтық органына ілеспе хатпен жіберіледі.
Тармақ 10
10. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекемеге: аккредитивтің ашылуы туралы Қазынашылық комитетінің белгісімен өтініштің екі данасын (беруші үшін бір дана); аккредитивтің ашылуынан бас тартқан жағдайда ілеспе хатпен өтініштің екі данасын қайтарады; өтініштің үшінші данасы (ашылған немесе бас тартқан жағдайда) Қазынашылықтың аумақтық органында сақталады.
Тармақ 11
11. Қазынашылық комитеті: Қаржылық рәсімдердің ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; аккредитивтің ашылуына құжаттарды толық бермеген; өтінішті дұрыс ресімдемеген жағдайда аккредитивтің ашылуынан бас тартуға құқылы.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеме аккредитив ашылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде Қазынашылықтың аумақтық органына Қазынашылық комитетінде ашылған аккредитивке бюджеттік шоттан аккредитивтің сомасына тең сомада ақша аударуға төлем құжатын береді.
Тарау 3. 3. Аккредитивті орындау тәртібі
3. Аккредитивті орындау тәртібі
Тармақ 13
13. Аккредитив ашылған мемлекеттік мекеме төлем жүргізу үшін төлем құжатының және аккредитивте көрсетілген құжаттардың екі данасын Қазынашылықтың аумақтық органына береді. Қазынашылықтың аумақтық органы берілген құжаттардың алдын-ала бақылануын жүзеге асырады. Аккредитивте көрсетілмеген құжаттар тексерілмейді және мемлекеттік мекемеге қайтаруға жатады.
Тармақ 14
14. Құжаттарды тексергеннен кейін, егер аккредитивте көзделген құжаттар берілсе және аккредитивтің барлық шарттары сақталса, Қазынашылықтың аумақтық органы Қазынашылық комитетіне төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің төлем құжатының екі данасын жібереді, мемлекеттік мекеменің төлем құжатының бірінші данасында Қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы және мөр бедері қойылады. Қазынашылық комитеті төлемді жүргізгеннен кейін: аккредитивтің орындалуы туралы белгімен төлем құжатының екінші данасын Қазынашылықтың біріктірілген ақпарат жүйесінде жұмыс істейтін; аккредитивтің орындалуы туралы белгімен төлем құжатының екінші данасын және шот бойынша көшірмені Қазынашылықтың банктік автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істейтін Қазынашылықтың аумақтық органына қайтарады.
Тармақ 15
15. Қазынашылықтың аумақтық органы төлемнің орындалуы туралы белгімен төлем құжатының екінші данасын және шот бойынша көшірмені мемлекеттік мекемеге қайтарады, олардың көшірмелері аккредитивте көрсетілген құжаттармен бірге орындау үшін іс қағазына тігіледі.
Тармақ 16
16. Аккредитивті орындауға берілген құжаттардағы деректердің растығына, құжаттарды ресімдеудің толықтығына және дұрыстығына мемлекеттік мекеменің басшысы жауап береді. Қазынашылық комитеті аккредитивті орындау жөніндегі төлемді уақытылы және дұрыс жүргізуге жауап береді.
Тарау 4. 4. Аккредитивті жабу тәртібі
4. Аккредитивті жабу тәртібі
Тармақ 17
17. Аккредитивті орындауға немесе аккредитивтің әрекет ету мерзімінің өтуіне байланысты мемлекеттік мекеме Қазынашылықтың аумақтық органына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредитивті жабу туралы өтінішті үш данада береді және осы туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісін жазбаша хабардар етеді. Қазынашылықтың аумақтық органы ілеспе хатпен Қазынашылық комитетіне аккредитивті жабу туралы мемлекеттік мекеме өтінішінің барлық даналарын жібереді.
Тармақ 18
18. Қазынашылық комитеті мемлекеттік мекеме өтінішінің негізінде аккредитивті жабады. Өтініштің бір данасын өзіне қалдырады, ілеспе хатпен аккредитивті жабу туралы белгісі бар екі данасын Қазынашылықтың аумақтық органына қайтарады. Қазынашылықтың аумақтық органы өтініштің бір данасын өзіне қалдырады, екіншісін мемлекеттік мекемеге қайтарады.
Тармақ 19
19. Аккредитивті орындау мерзімі өткенге дейін пайдаланылмаған аккредитив ақшасының қалдығы (ол болған жағдайда): ағымдағы қаржы жылының - мемлекеттік мекеменің төлем құжатының негізінде бюджеттік сыныптаманың тиісті ерекшелігі бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтіруге аударылуы тиіс; өткен қаржы жылының - мемлекеттік мекеменің төлем құжатының негізінде тиісті бюджеттің кірісіне аударылуы тиіс. Аккредитивтің әрекет ету мерзімі өткеннен кейін пайдаланылмаған аккредитив ақшасының қалдығы болған жағдайда Қазынашылық комитеті: мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына аккредитивтен ақшаны қайтаруға ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей ағымдағы қаржы жылында ашылған аккредитив бойынша; тиісті бюджеттің кірісіне ақша аударуға ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей өткен қаржы жылында ашылған аккредитив бойынша төлем құжатын (төлем ордерін) ресімдейді. Қазынашылық комитеті ілеспе хатпен төлем құжатының (төлем ордерінің) көшірмесін мемлекеттік мекемеге кейіннен беру үшін Қазынашылықтың аумақтық органына жібереді.
Тарау 5. 5. Аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу тәртібі
5. Аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу тәртібі
Тармақ 20
20. Қазынашылық комитетінде ашылған аккредитивтер 720 "Аккредитивтер" шотында ескеріледі. Осы шотқа мемлекеттік мекеме мен беруші арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беру жөніндегі шарт ережелеріне сәйкес аккредитивтің сомасына тең ақша сомасы аударылады. Осы шотта беруші алдында туындайтын мемлекеттік мекеменің міндеттемелеріне сәйкес ашылған аккредитивтердің сомасы ескеріледі. Аккредитивті ашу кезінде мынадай шоттар дебеттеледі: 120 "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары", 130 "Аудандық және қалалық бюджеттердің қаражаты", 132 "Облыстық бюджеттердің қаражаты" және 720 "Аккредитивтер" шоты кредиттеледі. Аккредитивті орындау кезінде 720 "Аккредитивтер" шоты дебеттеледі және бенефициардың шоты кредиттеледі. Мынадай: ағымдағы жылы ашылған аккредитивті жабу кезінде пайдаланылмаған ақшаның қалдығы болған жағдайда 720 "Аккредитивтер" шоты дебеттеледі және 120 "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары", 130 "Аудандық және қалалық бюджеттердің қаражаты", 132 "Облыстық бюджеттердің қаражаты" шоттары кредиттеледі; өткен жылы ашылған аккредитивті жабу кезінде пайдаланылмаған ақшаның қалдығы болған жағдайда 720 "Аккредитивтер" шоты дебеттеледі және 080 "Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер" шоты кредиттеледі.
Тармақ 21
21. Қазынашылық комитеті 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточкаларда берушінің пайдасына ашылған әрбір аккредитивтің бөлінісінде мемлекеттік мекемелердің аккредитивтерін талдамалық есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеме аккредитивтердің бухгалтерлік есебін жүргізуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 489 тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есептілікте аккредитивтерді көрсетуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 517 тіркелген "Мемлекеттік мекемелердің жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептілігінің көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі Ережеге 1-қосымша ___________________________________________________________________, (мемлекеттік мекеменің атауы, СТН және коды) ___________________________________________________________________ (мемлекеттік мекеменің ЖСК) __________________________________________________ есебінен ұсталатын, (бюджеттің түрі) ___________________________________________________ қызмет көрсететін, (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) ___________________________________________________________________ (берушінің атауы, коды, СТН, резидент (резидент емес)) ___________________________________________________________________ (банктік шоттың коды (жеке сәйкестендіру коды)) ___________________________________________________________________ (банктің атауы және БСК (банктік сәйкестендіру коды)) есеп айырысу үшін жабық, қайтарымды аккредитив ашуды сұрайды. Хабарламаның (Тапсырманың) нөмірі мен коды __________________________ Аккредитивтің мақсаты _______________________________________________ Аккредитивті орындау шарты:  шарт ережелерінде анықталатын құжаттар негізінде төлемді қамтамасыз ету Аккредитивтің сомасы _______________________________________________ (санмен және жазбаша) _____________________________________________________________ теңге Аккредитивті орындаудың соңғы күні __________________________________ негізінде аккредитивтің орындалуы жүргізілетін құжаттар тізбесі _____________________________________________________________ Мемлекеттік мекеменің басшысы Бас бухгалтер М. О. Аккредитивтің ашылуы туралы белгі ___________________________________________________________________ (шоттың ашылу күні, шот нөмірі көрсетіледі) ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрайымы Қазынашылық комитетінің басқарма бастығы М. О.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі Ережеге 2-қосымша ___________________________________________________________________, (мемлекеттік мекеменің атауы, СТН және коды) ___________________________________________________________________ (мемлекеттік мекеменің ЖСК) _______________________________________________ есебінен ұсталатын, (бюджеттің түрі) ________________________________________________ қызмет көрсететін, (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) ___________________________________________________________________ (берушінің атауы, коды, СТН, резидент (резидент емес)) ___________________________________________________________________ (банктік шотының коды (жеке сәйкестендіру коды)) ___________________________________________________________________ (банктің атауы және БСК (банктік сәйкестендіру коды)) __________________________________________________________ бойынша, (шарттың нөмірі, күні мен сомасы) __________________________________________________________________, (хабарламаның (тапсырманың) нөмірі мен күні) ________________________________________________________ байланысты (жабу себебін көрсету керек) ___________________________________________________________________ есептесу үшін ашылған жабындарды, шақыру аккредитивті жабуды сұрайды. ___________________________________________________________________ Мемлекеттік мекеменің басшысы Бас бухгалтер М. О. Аккредитивтің жабылуы туралы белгі ___________________________________________________________________ (аккредитивті жабу күні көрсетіледі) ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрайымы Қазынашылық комитетінің басқарма бастығы М. О.
Басқа 3
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ашылатын аккредитивті ашу, орындау мен жабу және аккредитивтер бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі Ережеге 3-қосымша ак­кре­ди­тив­тік шот­тың № Жа­бу­ды­есеп­теу кү­ні Ак­кре­ди­тив­тің со­ма­сы Кү­ні, айы, жы­лы Бір күн­де­гі ай­на­лым Жыл ба­сы­нан ай­на­лым Қал­дық де­бет кре­дит де­бет кре­дит де­бет кре­дит 1 2 3 4 5 6 7 Жиы­ны: Бенефициар: ___________________________________________________________________ (толық атауы, коды, мекен-жайы, ЖСК, СТН, банктің атауы, БСК) Аккредитивтің мақсаты: ______________________________________________ ___________________________________________________________________ Аккредитивтің соңғы орындалу күні: ___________________________________ ___________________________________________________________________ Аккредитивтің орындалуына арналған құжаттар тізбесі ___________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________