Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки города Лисаковска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки города Лисаковска
- Атауы (қаз.)
- Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 27.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 192154_679152.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23N1013010
- ЭКБ идентификаторы
- 192154
- Редакция идентификаторы
- 192154_679152
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:57
0 Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Қостанай облыстық мәслихатының «Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 болып тіркелген);
2
2) Қостанай мәслихатының «Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 131 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7011 болып тіркелген).
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекаралары
Мәслихаттың
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 106
шешіміне
қосымша
Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекаралары
№
Бағалау аймағының нөмірі
Бағалау аймақтарының шекаралары
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
1
2
3
4
1
1
Жер-кадастрлық квартал 001
шағын аудандар: 1-7, 8, 11, 19, 20, өнеркәсіптік коммуналдық аймақ
Жер-кадастрлық квартал 990
гараж қоғамдары: «Тулпар», «Заря», «Планета», «Восход», «Рассвет», «Гаражный кооператив № 1»
2,0
2
2
Жер-кадастрлық квартал 005
өнеркәсіптік аймақ, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер, қордағы жерлер, орман қоры, су қоры
Жер-кадастрлық квартал 025
теміржол көлігі жерлері
Жер-кадастрлық квартал 026
автокөлік, су шаруашылығы объектілерінің, электр беру желілерінің жерлері
1,9
3
3
Жер-кадастрлық квартал 002
шағын аудандар: 9-10, 12-18, 21-25
Жер-кадастрлық кварталдар 003-004
Октябрьский кенті
Жер-кадастрлық квартал 990
гараж қоғамдары: «Старт», «Юпитер», «Урал», «Союз»
1,8
4
4
Жер-кадастрлық кварталдар 006-011
«Урожайное-I» бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 012-018
«Урожайное-II» бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 019-020
«Химик» бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 021-022
«Боксит» бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 023-024
«Дастархан» бау-бақша серіктестігі
1,1