Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14-1
- Қабылданған күні
- 04.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2024 192246_680221.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SD00141M
- ЭКБ идентификаторы
- 192246
- Редакция идентификаторы
- 192246_680221
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:35
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 9 маусымдағы № 21/16 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының
2024 жылғы « 4 » қаңтардағы № 14-1
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Бөлік жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бекітілген және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
3 3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5 5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6
6. Ауылдық округ әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар, азаматтар көп жиналатын орындардағы хабарландырулар арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ауылдық округтің тұрғындарын хабардар етеді.
7 7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі олардың тұратын жерлері шегінде ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
8
8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9 9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары мен келесі көлемде ұсынылады:
1 1) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі Ленинград ауылының және Талшық ауылдық округі Талшық ауылының бір көшесінен 1 (бір) өкілден;
2 2) ауылдық округ аумағында сайлаушылардың жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), Ленинград және Талшық ауылдық округін қоспағанда, бірақ ауылдан 3 (үш) өкілден көп емес және 1 (бір) өкілден кем емес.
11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда: