Положение о порядке учетной регистрации частных нотариусов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібі туралы
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібі туралы осы Ереже (әрі қарай - Ереже) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  32-бабына сәйкес дайындалған және сынақтан өткен және заңмен белгіленген тәртіпте нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (әрі қарай - есептік тіркеу) олардың нотариалдық аймақта қызмет етуінің аумағын анықтау және жекеше нотариустар туралы мағлұматтар банкін құру мақсаттарында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Есептік тіркеу жасырын сипатта болады және жекеше нотариустарды аумақтық әділет органында есепке қоюдан тұрады.
Тармақ 4
4. Жекеше нотариус есептік тіркеуден өту үшін аумақтық әділет органына белгіленген нысан бойынша өтініш береді (N 1 қосымша). Өтінішке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген, нотариалдық қызмет жасау құқығына лицензияның;
Тармақша 2
2) жекеше нотариусты салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің;
Тармақша 3
3) азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру туралы шарттың;
Тармақша 4
4) төлқұжаттың (жеке куәліктің);
Тармақша 5
5) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмелерінің бір-бір даналары қоса беріледі. Өтінішке белгіленген нысан бойынша толтырылған жеке сауал-сұрақ (N 2 қосымша) және жекеше нотариустың үйінің мекен-жайын растайтын құжатта қоса беріледі (АІІБ-нен тұратын жерінен анықтама немесе ПМИК-нен N 3 нысан бойынша анықтама);
Тармақша 6
6) еңбек кiтапшасы.<*> 📌 Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен .
Тармақ 5
5. Өтініш берілген күнінен бастап үш күн аралығында әділет органының қарауына жатады.
Тармақ 6
6. Жекеше нотариус осы Ереженің 4-тармағында аталған барлық құжаттарды берген жағдайда, аумақтық әділет органы осы адамның есептік мағлұматтарын Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабына енгізеді (N 3 қосымша).
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, есептік тіркеуге қоюдан бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Аумақтық әділет органы тек тиісті нотариалдық аймақта ғана әрекет жасайтын жекеше нотариустарға есеп жүргізеді.
Тармақ 9
9. Жекеше нотариусты есепке қоюдан кейін аумақтық әділет органы жергілікті нотариалдық палатаға ол жайлы хабарлама қағаз жіберуге тиіс (N 4 қосымша).
Тармақ 10
10. Есептік тіркеуден өткен жекеше нотариустың қызмет ету аумағы жергілікті нотариалдық палатаның ұсынысын ескере отырып, аумақтық әділет органының шешімімен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Есептік тіркеуден өткен және белгілі аумақта нотариалдық әрекеттер жасауға кіріскен жекеше нотариус кәсіби қызметін бастаған күнінен бастап 30 күн ішінде аумақтық әділет органына өзінің нотариалдық әрекеттер жасау мекенін хабарлауға және өз мөрінің оттискісін ұсынуға тиісті.
Тармақ 11-1
11-1. Жекеше нотариусқа оның қызмет аумағын анықтағаннан кейiн аумақтық орган Әдiлет министрлiгiне тiркеуден өткен нотариустың жеке сауал-сұрағын және нотариустың төлқұжаттық деректерi, оның тұрған жерi, тұратын жерi өзгерген жағдайда 40 күн iшiнде қосымша мәліметтерді жiбередi.<*> 📌 Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен .
Тармақ 12
12. Нотариус төлқұжат мағлұматтары және орналасқан жері өзгерген жағдайда, оның өзгеруі туралы аумақтық әділет органына мәліметтерді хабарламаған жағдайда, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабына сәйкес жекеше нотариус лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Аумақтық нотариалды палата мүшесiнен шығарған жағдайда жекеше нотариус тиiстi әдiлет басқармасының есебiнен шығарылуы тиiс, бұл туралы есептiк тiркеу кiтабында белгi қойылады.<*> 📌 Ескерту. 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен .
Басқа 1. Өтініш
N 1 қосымша 📌 Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен . __________________________________ есептік тіркеуді жүзеге __________________________________ асыратын органның атауы __________________________________ (кімнен) Т.А.Ә.А.    (толық) Өтініш Жекеше нотариус ретінде есептік тіркеу жүргізулеріңізді сұраймын Осы өтінішке: 1. Жеке сауал-сұрақты; 2. Тұратын жерден анықтаманы; 3. Төлқұжаттың (жеке куәліктің) көшірмесін; 4. Жоғары білім туралы дипломның көшірмесін; 5. Нотариалдық әрекеттер жасау құқығына лицензияның көшірмесін; 6. Салық органында тіркелу туралы куәліктің көшірмесін; 7. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру туралы шарттың көшірмесін 8. Еңбек кiтапшасының көшiрмесiн қоса беріп отырмын. Қолы ______________________
Басқа 2. Жекеше нотариустың Жеке сауал-сұрағы
N 2 қосымша 📌 Ескерту. Қосымша өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен . Жекеше нотариустың Жеке сауал-сұрағы Жалпы мәліметтер 1. Тегі _____________________________ аты____________________ Әкесінің аты_____________ ________________________________ 2. Туған  күні_______________________________________________ айы, күні, жылы 3. Туған жері________________________________________________ 4.  Білімі___________________________________________________ a)___________________________________________________________ жоғары оқу орнының аты және оны бітіру күні 5. Диплом бойынша мамандығы__________________________________ Дипломның N _____________19___ ж. "_____"__________  берілген 6. Жалпы жұмыс стажы_________________________________________ 7. оның ішінде нотариус болып________________________________ 8. Нотариустың азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыруы ________________________________________ 9. Төлқұжат (куәлік): Сериясы ________ N _______________қандай орган  берген________ ______________________________________________________________ Берілген күні__________________________________________________ 10. Үйінің мекен-жайы:_________________________________________ ______________________________________________________________ үйінің телефоны________________________________________________ 11. Нотариалдық әрекеттер жасау мекені_________________________ ____________________________________________________________________ жұмыс телефоны ________________________________________________________ Лицензияның нөмірі |Жекеше нотариус | Қолының үлгісі және берілу күні   |мөрінің үлгісі  |
Басқа 3
N 3 қосымша Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабы ________________________________________________________ облыстың атауы |N|Же­ке­ше  |Есеп­тік|Төл­құ­жат­тың|Ли­цен­зи­я­ның|Же­ке­ше|Же­ке­ше|Же­ке­ше|Жа­зу­ды|Ес | |но­та­ри­ус|тір­кеу-|неме­се же­ке|нө­мі­рі, бе-|но­та- |но­та- |но­та- |ен­гіз-|кер | |тың те­гі|ге қою |ку­ә­лік­тің N|рі­лу кү­ні  |ри­ус- |ри­ус- |ри­ус- |ген   |-ту | |аты, әке|кү­ні   |мен се­ри­я­сы|және ли­цен-|тың   |тың   |тың   |адам- |лер | |сі­нің   |(кү­ні, |(қан­дай ор-|зи­я­ны бер- |үй­і­нің|кә­сі­би|қыз­мет|Т.А.Ә.| | |аты төл.|айы    |ган және   |ген ор­ган  |ме­кен-|қыз­мет|ету   |А. жә.| | |құ­жа­ты  |жы­лы)  |қа­шан бер- |           |жайы  |-ті   |ау­ма­ғы|не    | | |неме­се  |       |ген)       |           |      |жү­зе­ге|      |ла­уа- | | |же­ке    |       |           |           |      |асы­ру |      |зы­мы  | | |ку­ә­лі­гі |       |           |           |      |ме­ке­ні|      |      | | |бой­ын­ша |       |           |           |      |      |      |      | |_|________|_______|___________|___________|______|______|______|______|___ |1|  2     |   3   |     4     |     5     |  6   |   7  |  8   |  9   |10 |_|________|_______|___________|___________|______|______|______|______|___
Басқа 4. Жекеше нотариусты есептік тіркеу туралы Хабарлама қағаз
N 4 қосымша Аумақтық нотариалдық палатаға _____________________________ _____________________________ Жекеше нотариусты есептік тіркеу туралы Хабарлама қағаз 1. Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________ ______________________________________________________________________ 2. Төлқұжат (жеке куәлік) ____________________________________________ ______________________________________________________________________ N, қандай орган және қашан берген 3. Үйінің мекен-жайы және пошталық индексі ___________________________ 4. Лицензияның нөмірі және берілу күні _______________________________ 5. Салық органында тіркелу туралы куәлік _____________________________ ______________________________________________________________________ нөмірі, берілу күні және куәлік берген органның атауы _____________________________ облысы әділет басқармасының бастығы             _____________________________ Күні  _____________________________