Құжат мәтініне өту

О мерах по реализации прав осужденных на получение среднего общего образования

Өзге акт · № 19 · қабылданған 17.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19239/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О мерах по реализации прав осужденных на получение среднего общего образования Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 ·17.03.2004
22.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по реализации прав осужденных на получение среднего общего образования

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по реализации прав осужденных на получение среднего общего образования
Атауы (қаз.)
Сотталғандардың жалпы орта бiлiм алу құқығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
17.03.2004
Көрсетілген редакция
22.04.2013 19239_174348.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04B0002381
ЭКБ идентификаторы
19239
Редакция идентификаторы
19239_174348
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:20

0 Сотталғандардың жалпы орта бiлiм алу құқығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының »30 бабына және Қазақстан Республикасының»2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"» Заңына , 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 208 Қазақстан Республикасы қылмыстық атқарушылық Кодексiнiң »108-бабына сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы қарамағындағы түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеушiлер мен сотталғандарды» жалпы орта бiлiм алу құқығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмi ШЕШТІ:

1 1. 2004 жылғы 1 қыркүйектен бастап қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Ақмола облысы бойынша басқармасы қарамағындағы түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеушiлер мен сотталғандар және бағдарлама бойынша жалпы орта бiлiмi жоқтарға жалпы орта бiлiм алу құқығын беретiн оқу ұйымдастырылсын.

2

2. 2004 жылғы 1 наурыздан бастап Ақмола облысының және Атбасар, Аршалы, Жарқайың, Зерендi аудандары мен Степногорск қаласының» аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының» қарамағындағы түзеу мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi (жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектептер) құрылсын:

1 1) ЕЦ-166/4 мекемесiнде Атбасар аудандық оқу бөлiмiнiң» N 1 жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектеп» мемлекеттiк мекемесi;

2 2) ЕЦ-166/25 мекемесiнде Зерендi аудандық оқу бөлiмiнiң»N 2 жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектеп» мемлекеттiк мекемесi;

3 3) ЕЦ-166/26 мекемесiнде Жарқайың»аудандық оқу бөлiмiнiң»N 3 жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектеп» мемлекеттiк мекемесi;

4 4) ЕЦ-166/18 мекемесiнде Степногорск қалалық оқу бөлiмiнiң» N 4 жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектеп» мемлекеттiк мекемесi;

5 5) ЕЦ-166/5 Мекемесiнің N 5 жалпы бiлiм беретiн кешкi (ауысымдық) орта мектеп"» мемлекеттiк мекемесi Аршалы аудандық оқу бөлiмi.

3 3. Жоғарыда аталған мемлекеттiк мекемелердiң өкiлеттi органы болып сәйкес аудандардың» оқу бөлiмдерi бекiтiлсiн.

4 4. Өкiлеттi органдар 2-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердi» Жарғыларын бекiтсiн.

5 5. Атбасар, Аршалы, Зерендi, Жарқайың аудандарының, Степногорск қаласының әкiмдерi және облыстық қаржы басқармасы:

1

1) Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы қарамағындағы түзеу мекемелерiнде құрылатын бiлiм мекемелерiнiң (жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектептер) қызметiн 2004 жылы қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлiнген 21004,0 мың» теңге сомасында бөлiнген трансферт есебiнен қамтамасыз етсiн.

6 6. Бiлiм басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасымен (келiсiм бойынша) және Атбасар, Аршалы, Зерендi, Жарқайың аудандарының» және Степногорск қаласының» әкiмдерiмен бiрге:

1 1) түзету мекемелерiндегi оқушылар санын анықтасын;

2 2) Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң» Ақмола облысы бойынша басқармасы қарамағындағы түзеу мекемелерiнде құрылатын барлық бiлiм мекемелерiнiң педагогикалық кадрлармен толықтырылуын қамтамасыз етсiн;

3 3) Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы қарамағындағы түзеу мекемелерiнде құрылатын бiлiм мекемелерi (жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектептер) ағартушылық қызметi бекiтiлген тәртiп бойынша әдiлет органдары мен лицензиялау органдарында тiркелсiн;

4 4) Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы қарамағындағы түзеу мекемелерiнiң барлық бiлiм мекемелерiнде 2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн оқыту жұмысын бастасын.

7

7. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң» Ақмола облысы бойынша басқармасы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2003 жылғы 29 тамыздағы N 582 және Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнің 2003 жылғы 3 қыркүйектегi N№180 бiрлесе бекiткен "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi қызметiн ұйымдастыру туралы ережелерiн бекiту туралы" бұйрығына сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң» Ақмола облысы бойынша басқармасы қарамағындағы түзеу мекемелерiнде құрылған бiлiм мекемелерiнде (жалпы бiлiм беретiн кешкi (аусымдық) орта мектептер) оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруға қажеттi, (№ ғимарат бөлу, сабақ жүргiзу кезiнде мұғалiмнiң қауiпсiздiгi қамтамасыз ету, оқу-материалдық базасын құруға атсалысу) жағдай жасалуын қамтамасыз етсiн

8 8. Облыс әкiмiнiң 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 6 "Сотталғандарды» жалпы орта бiлiм алу құқығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы"» шешiмi жойылсын.

9 9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң» орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсiн.

10 10. Осы шешiм 2004 жылғы 1 наурыздан бастап қалыптасқан заңды қатынастарға таратылады.

Келiсiлдi:
Қылмыстық-атқару жүйесi
комитетiнiң» Ақмола облысы
бойынша басқармасының» бастығы

Қолданыстағы