О дополнительных мерах по содействию занятости населения Күшін жойған
Басқа 0
Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі
қосымша шаралар туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кәсіптік бастауыш, орта және жоғары білім беру оқу орындарын бітіруші түлектер-жұмыссыз жастар үшін Жастар практикасын ұйымдастыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ (Қ. Елеусіз) облыстық маслихаттың 2003 жылғы 22 желтоқсандағы төртінші сессиясында бекітілген, жоғарыда көрсетілген Ереже сәйкес 3033 «Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы» кіші бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ (Ж. Аманбаев) тиісті жылға облыс бюджетінде қаралған қаражат шегінде кіші бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімиятының
2004 жылғы 1 наурыздағы № 36 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Кәсіптік бастауыш, орта және жоғары білім беру оқу орындарының
түлектері-жұмыссыз жастар үшін
Жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі осы Ереже «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес кәсіптік бастауыш, орта және жоғары білім беру оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе, білім, білік және дағды алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Жұмыссыз жастар үшін диплом алғаннан кейінгі кәсіби практика – жастар практикасын ұйымдастыру жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем берудің қосымша шаралар бағыттарының бірі болып табылады.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – жұмыспен қамту Орталығы) кәсіптік бастауыш, орта және жоғары білім беру орындарын бітірушілер мен жұмыспен қамту Орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жастар арасында мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногында бәсекелестігін көтеру үшін Жастар практикасын ұйымдыстыру мен өткізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жастар практикасы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады және өткізіледі. Жұмыспен қамту Орталығы Жұмыс берушілермен шарттық негізде өзара іс-қимыл жасайды.
Жұмыс беруші мен жұмыспен қамту Орталығы арасында жасалған шарт (Жастар практикасына) жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар санын, Жұмыс беруші жұмыссыз түлектерді қабылдайтын кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін, қажет болған жағдайда, қосымша кәсіби даярлықтан өткізу, Жастар практикасына қатысушыларды олардың мамандықтарына сәйкес кәсіби біліммен, білікпен және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемесін қамтамасыз етуді көздейді. Шарт кемінде алты айлық мерзімге жасалады.
Тармақ 5
5. Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде:
Тармақша 1
1) кәсіптік оқу орындарының түлектері – жұмыссыз азаматтардың саны және олардың жұмыспен қамту Орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
Тармақша 2
2) жастар арасында ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіптік оқу орындарының түлектер санының өсуі;
Тармақша 3
3) кәсіптік оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін төмендететін еңбек стажы мен дағдыларының болмауы;
Тармақша 4
4) Жастар практикасына қатысатын кандидаттардың жұмыспен қамту Орталығында бір айдан астам уақыт жұмыссыз ретінде есепте тұруы;
Тармақша 5
5) Жастар практикасына қатысушыларды іріктеу кезінде олар үшін лайықты жұмыстың болмауы өлшемдері ескеріледі.
Тармақ 6
6. Жастар практикасына жолдама беру жұмыссыздың келісуімен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздардың жастар практикасына қатысуына Жастар практикасының басталған шақтан бастап 12 айлық кезеңде бір рет жол беріледі және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту Орталығына тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушыны жастар практикасынан өту мерзімі анықталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы.
Тармақ 9
9. Жұмыспен қамту Орталығы Жастар практикасына қатысушының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзған жағдайда, Жұмыс берушімен жасалған шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 10
10. Жастар практикасына қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда, Жұмыс беруші шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Кәсіпорындағы жұмыстан босату «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-1 Заңына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Жұмыссыз Жастар практикасына қатысуды тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін, бұл туралы ол Жұмыс беруші мен жұмыспен қамту Орталығын 3 күндік мерзімде хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Жастар практикасын өз бетінше (дәлелсіз себептермен) тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз жұмыспен қамту Орталығында жұмыссыз ретінде есепте тұру құқығын жоғалтады және қайтадан отыз күнтізбелік күн өткен соң ғана жұмыспен қамту Орталығына есепте тұра алады.
Тармақ 13
13. Жастар практикасы аяқталғаннан кейін осы немесе басқар кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз, жұмыспен қамту Орталығында жұмыссыз ретінде есепте түруын жалғастыра береді.
Тармақ 14
14. Жастар практикасын ұйымдастыруды және жүргізуді тиісті жұмыспен қамту Орталығы бақылайды.
Тармақ 15
15. Жастар практикасын қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бөлім 2. 2. Жастар практикасын ұйымдастыру мен жүргізу
2. Жастар практикасын ұйымдастыру мен жүргізу
Жұмыспен қамту орталығы:
Тармақ 16
16. Алдағы уақытта даму және өндірісті кеңейту болашағы бар, Жастар практикасына қатысушылар үшін ықтимал жұмыс беруші бола алатын қаржы-экономикалық мәселелерде тұрақтылыққа ие кәсіпорындар туралы алдын-ала ақпараттар жинақтау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
Тармақ 17
17. Жастарды жұмысқа орналастырудың аймақтың еңбек рыногында қалыптасып отырған ахуалын талдау негізінде кәсіптік оқу орындарының түлектері-жұмыссыздардың санын және олардың маманданымын анықтайды.
Тармақ 18
18. Жастар практикасын өткізу жөнінде шешім қабылдау туралы ұсыныспен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына шығады;
Тармақ 19
19. Бұқаралық ақпарат құралы арқылы Жастар практикасын ұйымдастыру мен жүргізу талаптарының негіздері принциптері туралы аймақтың тұрғындарын хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің № 1 – қосымшасына сәйкес, Жастар практикасы аясында кәсіптік оқу орындарының түлектері-жұмыссыздарға уақытша жұмыс орнын ұсыну тілегін білдірген Жұмыс берушімен шартқа отырады;
Тармақ 21
21. Осы Ереженің № 2 – қосымшасына сәйкес, Жастар практикасынан өтуге тілек білдірген жұмыссызбен шартқа отырады.
Тармақ 22
22. Жұмыс берушімен жасалған шартқа сәйкес жұмыссызға Жастар практикасынан өту үшін жолдама береді.
Тармақ 23
23. Жұмыспен қамту Орталығының Жастар практикасына қатысушымен жасаған шарттың негізінде, жұмыс істеген нақты уақыты үшін (негіздеме – жұмыс уақытын есептеу жөніндегі Жұмыс беруші ұсынған табель) Жастар практикасына қатысушының жеке шотына қаржы аудару жолымен Жастар практикасына қатысушыға еңбекақы төлеуді жүргізеді;
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жастар практикасына қатысушылардың жалақысынан жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.
Жұмыс беруші:
Тармақ 25
25. Жұмыссыз жұмыспен қамту Орталығымен жасалған шартқа сәйкес, жұмыспен қамту Орталығы Жастар практикасы аясында берген жолдаманы көрсеткен кезде үзбелі талонды толтырады және оны жұмыссыз жұмыспен қамту Орталығына береді;
Тармақ 26
26. Жұмыссызбен Жастар практикасы аясында жұмыспен қамту Орталығымен жасалған шартта айтылған мерзімге оны жұмысқа қабылдау туралы жеке еңбек шартын жасайды және уақытша жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 27
27. Жастар практикасына қатысушыны жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күннің ішінде жұмыспен қамту Орталығына жеке еңбек шартының көшірмесін және оны уақытша жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін береді;
Тармақ 28
28. Олардың еңбегіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін Жастар практикасына қатысушылардың жұмыс уақытын есепке алу табелін ай сайын жұмыспен қамту Орталығына ұсынады;
Тармақ 29
29. Шарттың мерзімі өткеннен кейін Жастар практикасына қатысушыны тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (келісім-шарттың) көшірмесін немесе оны жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыспен қамту Орталығына, сондай-ақ Жастар практикасынан өткені туралы пікірді (кепіл хат) қатысушыға береді.
Бөлім 3. 3. Жастар практикасын қаржыландыру
3. Жастар практикасын қаржыландыру
Тармақ 30
30. Жастар практикасын жүргізу жөніндегі іс-шаралар 3033 «Халықты жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттің қаражаты мен келісім бойынша кәсіпорындардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Кәсіби даярлауға қосымша ақы төлеу, егер ол маманды жұмыс орнына жіберу үшін қажет болған жағдайда, 3032 «Жұмыссыздарды кәсіби даярлау» бағдарламасында көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Жастар практикасына қатысушыға еңбекақы төлеу жұмыспен қамту Орталығы Жастар практикасына қатысушымен жасаған шарт негізінде, жұмыс істеген нақты уақыты үшін және Жұмыс беруші ай сайын ұсынған жұмыс уақытын есепке алу табелі бойынша жұмыспен қамту Орталығы жүргізеді.
Тармақ 33
33. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу толық жұмыс айы үшін жұмыспен қамту Орталығымен:
Тармақша 1
1) кәсіптік білім беру бастауыш оқу орындарының түлектері үшін бір ең төмен айлық;
Тармақша 2
2) кәсіптік білім беру орта оқу орындарының түлектері үшін ең төмен айлықтың 1,2;
Тармақша 3
3) жоғары оқу орындарының түлектері үшін ең төмен айлықтың 1,5 мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу жұмыссыздың жеке шотына ақшалай қаржы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Жұмыс беруші орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты осы кәсіпорында немесе ұйымда қолданылып жүрген бағалама бойынша нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен Жастар практикасына қатысушыларға қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы. Бұл туралы кәсіпорын басшысы тиісті бұйрық шығарады.
Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар – қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтары
Кәсіптік бастауыш,
орта және жоғары білім беру
оқу орындарының түлектері
жұмыссыз жастар үшін Жастар
практикасын ұйымдастыру жөніндегі Ережеге
№ 1 ҚОСЫМША
Кәсіптік бастауыш, орта және жоғары
білім беру оқу орындарының түлектері – жұмыссыз жастар үшін
Жастар практикасын ұйымдастыруға арналған
үлгі шарт
__________________ “____” _________ 200 жыл
(облыс, қала, аудан)
Жұмыспен қамту Орталығының атынан, оның бастығы ______________________________________________ (бұдан әрі – «Орталық» деп аталады) (Аты, әкесінің аты, тегі)
және ________________________________________________ атынан, оның
(жұмыс берушінің атауы)
_______________________________________________________________________ (бұдан
(басшының қызметі, аты, әкесінің аты, тегі)
әрі - Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ақтөбе облысы әкімиятының “______” ___________ 200 жылғы № қаулысына сәйкес, мынадай шарт жасады:
Бөлім 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
1. Олардың мамандықтары, білімдері, біліктіліктері, дағдылары бойынша бастапқы практикалық жұмыс тәжірибесін игеруі және еңбек рыногында бәсекелестігін көтеру мақсатында кәсіптік бастауыш, орта және жоғары білім беру оқу орындарының түлектері – жұмыссыз жастар үшін Жастар практикасын ұйымдастыру және жүргізу (бұдан әрі – Жастар практикасы).
Бөлім 2. 2. Тараптардың ережелері мен міндеттері
2. Тараптардың ережелері мен міндеттері
1. Орталық өз міндетіне алады:
1) ___________________________ жұмыссыз адамды (олардың келісімдері
(жазбаша түрде)
бойынша) Жастар практикасынан өтуге жіберуге;
2) нақты жұмыс істеген уақыты үшін Жастар практикасына қатысушыларға ай сайын еңбекақы төлеуді мынадай мөлшерде жүргізуді;
Кәсіптік білім беру бастауыш оқу орындарының түлектері үшін бір ең төмен айлық;
Кәсіптік білім беру орта оқу орындарының түлектері үшін ең төмен айлықтың 1,2;
Жоғары оқу орындарының түлектері үшін ең төменгі айлықтың 1,5.
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жастар практикасына қатысушылардың жалақысынан жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарна аударымдарын жүргізуді.
2. Жұмыс беруші өз міндетіне алады:
1) жұмыссыздарға тізбеге сәйкес жұмыс орнын ұсынады:
Мамандығы
Саны
Жастар практикасының ұзақтығы
2) жастар практикасына қатысушылардың мамандықтарына сәйкес кәсіби білім, біліктілік және дағды алуын қамтамасыз етуді;
3) жеке еңбек шарт мерзімінің аяқталғаны бойынша Жастар практикасына қатысушыларға оның практикадан өткені туралы пікір (кепіл хат) беруді;
4) Жастар практикасына қатысушыларға жұмыстың сапасына, көлеміне байланысты мүмкіндігінше өз қаражаты есебінен қосымша үстеме төлеуді;
5) техника қауіпсіздігі жөнінде әрбір жұмысшы құрымымен нұсқама жүргізуді;
6) қажет болған кезде Жастар практикасына қатысушыларды арнаулы киімдермен, аспаптармен, құрал-саймандармен және т.б. қамтамасыз етуді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісінше еңбек жағдайын туғызуды;
8) Жастар практикасын өту кезінде денсаулығының зақымдануы жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысушыға келтірілген зиянды өтеуді;
9) қосымша үстеме төлеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жастар практикасына қатысушылардың кірістерінен міндетті және зейнетақы салықтарының аударымдарын жүргізуді;
10) Орталыққа ұсынған ақпараттардың сенімділігі үшін жауапкершілікті;
11) Жастар практикасына қатысушы жұмыссыздар туралы тиісті мәліметтерді (ай сайын, есепті айдан кейін 5-не дейін) Орталыққа ұсынуды.
Бөлім 3. 3. Еңбекақы төлеу
3. Еңбекақы төлеу
4. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке еңбек шарты негізінде жүргізіледі.
Бөлім 4. 4. Тараптардың жауапкершілігі
4. Тараптардың жауапкершілігі
5. Осы шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
6. Осы шартты орындау негізінде туындаған барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес шешіледі.
7. Тараптар бірінің бастамасы бойынша шарттың бұзылуы мүмкін, мұндай жағдайда ол бұл туралы екінші тарапқа кем дегенде бір апта мерзім ішінде хабардар етуге міндетті.
8. Тараптардың келісімі бойынша осы шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
Бөлім 5. 5. Шарт мерзімі
5. Шарт мерзімі
9. Осы шарттың мерзімі 200__ жылғы “____” _______ бастап 200__ жылдың “___” _________ дейін жарамды.
10. Осы шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
11. Шарт екі дана етіп жасалады, әрқайсысының заңдық күші бірдей.
Бөлім 6. 6. Тараптардың заңды мекенжайы
6. Тараптардың заңды мекенжайы
Жұмыспен қамту Орталығы Жұмыс беруші
________________________ _______________________
(толық атауы) (толық атауы)
________________________ _______________________
(мекенжайы) (мекенжайы)
________________________
(телефон, факс)
ЖСК ___________________ ЖСК ___________________
БСК ____________________ БСК ____________________
СТТН __________________ СТТН __________________
Коды __________________ Коды ___________________
_______________________ ________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, қолы) (Аты, әкесінің аты, тегі, қолы)
м.с.о. м.с.о.
Аумақтық қазынашылық органында тіркелу күні
“____” ___________________ 200____ жыл
Кәсіптік бастауыш,
орта және жоғары білім беру
оқу орындарының түлектері
жұмыссыз жастар үшін Жастар
практикасын ұйымдастыру жөніндегі Ережеге
№ 2 ҚОСЫМША
№ ________ үлгі шарт
_____________________ жұмыспен қамту Орталығының атынан, оның директоры
(қала, аудан)
_______________________ (бұдан әрі – «Орталық» деп аталады), бір жағынан және
(Аты, әкесінің аты, тегі)
Жұмыссыз ___________________, екінші жағынан өзара мына төмендегілер туралы
(Аты, әкесінің аты, тегі)
осы шартты жасады:
Бөлім 1. 1. Тараптардың міндеттері
1. Тараптардың міндеттері
1. Орталық өз міндетіне алады:
1) Жұмыссыз ________________________________ алғашқы практикалық тәжірибе
(Аты, әкесінің аты, тегі)
жұмысын игеру және еңбек рыногында бәсекелестігін көтеру үшін ____________________
мамандықтары (кәсіптері) бойынша ұзақтығы _________________ айға ________________
____________________________________ Жастар практикасынан өтуге жіберуді;
(ұйымның атауы)
2) ___________________________ есептеуден нақты жұмыс істеген уақыты үшін, жұмыссыздың жеке есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен еңбекақы төлеуді ай сайын жүргізуді.
2. Жұмыссыз өз міндетіне алады:
1) Жастар практикасынан толық көлемді өтуді, қалап алған мамандығы (кәсібі) бойынша практикалық тәжірибе, білім, біліктілік және дағды алуға жетуді және практика аяқталғаннан кейін жұмыспен қамту Орталығына оның өткені туралы пікірдің (кепіл хаттың) көшірмесін беруді;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңының талаптарына және Жұмыс берушінің белгілеген ішкі тәртіп ережесін сақтау мен орындауды.
Бөлім 2. 2. Тараптардың жауапкершілігі
2. Тараптардың жауапкершілігі
3. Тараптардың бірде-біреуінің дәлелді себепсіз және тараптардың екінші жағынан кем дегенде бір апта мерзім кешіктірмей хабардар етпей, бір жақты тәртіп бойынша осы шартты бұзуға құқы жоқ.
4. Өз бетімен Жастар практикасын тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз жұмыспен қамту Орталығында есепте тұрып, жұмыс іздеу құқын жоғалтады және жұмыспен қамту Орталығына отыз күнтізбелік күн өткенде ғана қайтадан тіркеуге тұруы мүмкін.
5. Даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Бөлім 3. 3. Шарт мерзімі
3. Шарт мерзімі
6. Осы шарт тараптардың қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
7. Шарт екі дана етіп жасалды, әрқайсысының заңдық күші бірдей.
8. Осы шартың мерзімі 200____ жылғы “_______” __________ бастап 200____ жылдың “_______” __________ дейін жарамды.
Бөлім 4. 4. Тараптардың заңды мекенжайы
4. Тараптардың заңды мекенжайы
Жұмыспен қамту Орталығы Жұмыссыз
________________________ _______________________
(толық атауы) (Жұмыссыздың аты, әкесінің аты,
тегі)
________________________ _______________________
(мекенжайы) (жеке куәлігінің №)
________________________ ________________________
(телефон, факс) (тұратын мекенжайы)
ЖСК ___________________ ______________________
ЖСК ___________________ ______________________
БСК ____________________ ______________________
(қолы)
БСК ____________________
СТТН __________________
СТТН __________________ “___” __________ 200 ___ жыл
Коды __________________
_______________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, қолы)
м.с.о.