Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права товариществом с ограниченной ответственностью «Институт космической техники и технологий»

Бұйрық · № 11/НҚ · қабылданған 10.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-192477/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права товариществом с ограниченной ответственностью «Институт космической техники и технологий» Қолданыста Бұйрық ·№ 11/НҚ ·10.01.2024
08.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права товариществом с ограниченной ответственностью «Институт космической техники и технологий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права товариществом с ограниченной ответственностью «Институт космической техники и технологий»
Атауы (қаз.)
Арнайы құқық субъектісі «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11/НҚ
Қабылданған күні
10.01.2024
Көрсетілген редакция
08.07.2025 192477_775864.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400033907
ЭКБ идентификаторы
192477
Редакция идентификаторы
192477_775864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:31

0 Арнайы құқық субъектісі «Ғарыштық техника және

технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет
түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған арнайы құқық субъектісі «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Арнайы құқық субъектісі «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 10 қаңтардағы
№ 11/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Арнайы құқық субъектісі «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1 1) Навигациялық құрылғылар мен ғарыштық технологиялар, сымсыз байланыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы, оның ішінде қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүдделері үшін ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер.

2) Навигациялық пломбалар өндірісі.

Қолданыстағы