Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые некоммерческим акционерным обществом «Государственная корпорация «Правительство для граждан», отнесенные к государственной монополии в сфере государственной регистрации юридических лиц, являющихся коммерческими организациями, и учетной регистрации их филиалов и представительств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые некоммерческим акционерным обществом «Государственная корпорация «Правительство для граждан», отнесенные к государственной монополии в сфере государственной регистрации юридических лиц, являющихся коммерческими организациями, и учетной регистрации их филиалов и представительств
- Атауы (қаз.)
- Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24/НҚ
- Қабылданған күні
- 16.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2024 192627_680068.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24IPM00024
- ЭКБ идентификаторы
- 192627
- Редакция идентификаторы
- 192627_680068
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:29
0
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 336) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2 2) осы бұйрықтың көшірмесін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
0 Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
20____ жылғы ___ __________ № ___
бұйрығымен бекітілген
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалары
№
Орындалатын функция
Қызмет ақысы
Өлшем бірлігі
Фронт-офис арқылы көрсетілетін қызметтердің бағасы (ҚҚС ескерілмеген, теңге)
Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің бағасы (ҚҚС ескерілмеген, теңге)
1
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
Тіркеу:
Шағын, орта бизнес – тегін;
Ірі бизнес - ақылы.
Филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу:
барлық субъектілер үшін ақылы
1 құжат
9 885,38
9 699,17
2
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу
Барлық субъектілер үшін ақылы
1 құжат
10 009,51
9 823,31
3
Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару
Шағын, орта бизнес – тегін;
Ірі бизнес - ақылы, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару барлық субъектілер үшін ақылы
1 құжат
9 736,41
9 637,10