Об утверждении форм государственных лицензий на право занятия адвокатской и нотариальной деятельностью
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм государственных лицензий на право занятия адвокатской и нотариальной деятельностью
- Атауы (қаз.)
- Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1325
- Қабылданған күні
- 23.12.1998
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI1928_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P980001325_
- ЭКБ идентификаторы
- 1928
- Редакция идентификаторы
- AI1928_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:24
0 Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған:
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның;
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысандары бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметін, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетуді, жылжымайтын мүлікті бағалауды лицензиялау мәселелері" туралы 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) 3-тармағындағы төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылған деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
23 желтоқсандағы
1325 қаулысымен
бекітілген
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 , 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Мемлекеттік лицензия ____________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық аты-жөні)
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілді.
Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып
табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінiң
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті берген.
Комитеттің төрағасы ______________________
(қолы)
Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж.
Лицензияның нөмірі ____________
________________қаласы
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
23 желтоқсандағы
1325 қаулысымен
бекітілген
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 , 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық аты-жөні)
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілді.
Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия
болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
қолданылады.
Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінің
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетi берген.
Комитеттің төрағасы ______________________
(қолы)
Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж.
Лицензияның нөмірі ____________
________________қаласы