Об установлении публичного сервитута государственному комунальному предприятию «Тобол» на праве хозяйственного ведения акимата района Беимбета Майлина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута государственному комунальному предприятию «Тобол» на праве хозяйственного ведения акимата района Беимбета Майлина
- Атауы (қаз.)
- Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тобыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 05.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2024 192802_682197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NR00001B
- ЭКБ идентификаторы
- 192802
- Редакция идентификаторы
- 192802_682197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:33
0 Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тобыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Тобыл кентінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тобыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің аумағында орналасқан тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскелеріне магистральдық ажырату және орамішілік жылу желілері үшін, оның ішінде:
жалпы ауданы 0,0044 гектар 1 учаске;
жалпы ауданы 0,0223 гектар 2 учаске;
жалпы ауданы 0,1042 гектар 3 учаске;
жалпы ауданы 0,3564 гектар 4 учаске;
жалпы ауданы 1,2248 гектар 5 учаске;
жалпы ауданы 1,9096 гектар 6 учаскесіне жария сервитуты белгіленсін.
2 2. «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберсін;
2
2) осы шешімді Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жарияланғаннан кейін қол қойылған және жіберілген күннен бастап Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.