Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по газоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в области Ұлытау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по газоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в области Ұлытау
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 05/01
- Қабылданған күні
- 24.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2024 192877_681992.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24H000501A
- ЭКБ идентификаторы
- 192877
- Редакция идентификаторы
- 192877_681992
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:25
0 Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
Ұлытау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 24 қаңтардағы
№ 05/01
қаулысына қосымша
Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№
Газ тұтыну сипаттамасы (тауарлық газ)
Өлшем бірлігі
Газ тұтыну нормасы
1
Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде
1 адамға айына текше метр
9,1
2
Газ плитасы және суды газбен ысытқыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде)
1 адамға айына текше метр
22,2
3
Газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және суды газбен ысытқыш болмаған кезде
1 адамға айына текше метр
13,3
4
Жеке жылу беруге
1 шаршы метр ауданға айына текше метр
8,4
Ескертпе: Тауарлық газын тұтыну нормалары «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес есептелген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген).