Құжат мәтініне өту

О создании некоммерческого акционерного общества «Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря»

Қаулы · № 36 · қабылданған 25.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-192883/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О создании некоммерческого акционерного общества «Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря» Қолданыста Қаулы ·№ 36 ·25.01.2024
06.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании некоммерческого акционерного общества «Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря»

Қолданыста Қаулы ·№ 36 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании некоммерческого акционерного общества «Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря»
Атауы (қаз.)
«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
36
Қабылданған күні
25.01.2024
Көрсетілген редакция
06.12.2024 192883_734873.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000036
ЭКБ идентификаторы
192883
Редакция идентификаторы
192883_734873
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:25

0 «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) құрылсын.

2

2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы Каспий теңізінің қазақстандық секторында Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау және олардың өсімін молайту тұрғысынан қоршаған ортаға мониторинг және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің ғылыми-зеттеу институттары мен ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзінің балансындағы республикалық мүлік есебінен КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

2 2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

3 3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4 4) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беруді;

5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 қаулысына
қосымша
«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес
акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін
республикалық мүліктің тізбесі
Р/с

Мү­лік­тің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің ба­лан­сын­да­ғы мү­лік
1
Ақ­тау қа­ла­сы, 4 «А» ша­ғын ауда­ны, 19-ғи­ма­рат ме­кен­жайы бой­ын­ша, ауда­ны 0,7987 га, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230 жер учас­ке­сін­де ор­на­лас­қан әкім­ші­лік ғи­ма­рат, жал­пы ауда­ны 1640,5 ш.м, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230:19/А
бір­лік
1
2
Ауда­ны 0,7987 га жер учас­ке­сін­де ор­на­лас­қан қор­шау, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230:19/II
бір­лік
1
3
0,7987 га жер учас­ке­сін­де ор­на­лас­қан тө­сем, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230:19/I
бір­лік
1
1
2
3
4
4
8 порт­тың РОЕ ком­му­та­то­ры
да­на
4
5
Іш­кі IP ка­ме­ра­сы
да­на
22
6
Кө­ше IP ка­ме­ра­сы
да­на
9
7
PTZ ка­ме­ра­сы
да­на
1
8
CD 245 іш­кі күм­без­ді ка­ме­ра­сы
да­на
1
9
Бар­лық ауа рай­ы­на жа­рай­тын, күн­діз­гі/түн­гі 1/3 420 ТВЛ тү­сті бей­не­ка­ме­ра­сы
да­на
2
10
КРС 132 AV-Tech ка­ме­ра­сы
да­на
3
11
Ауа­бап­та­ғыш
да­на
1
12
Almacom ACH 018 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
да­на
1
13
Almacom ACH 09 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
да­на
3
14
ACH 09 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
да­на
7
15
ACH 12 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
да­на
13
16
ACH 18 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
да­на
4
17
ACH 24 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
да­на
2
18
Күм­без­ді ка­ме­ра
да­на
4
19
Ар­найы цир­ку­ля­ци­я­лық сор­ғы
да­на
1
20
Sanivort 605A сор­ғы кә­різ стан­ци­я­сы
да­на
2
21
Тір­ке­уіш
да­на
1
22
CHIGO сплит-жүй­е­сі, 12-ші ALBA се­ри­я­сы, 36 ш.м (ауа­бап­та­ғыш)
да­на
1
1
2
3
4
23
Фан­та­зия FS-07H сплит-жүй­е­сі (ауа бап­та­ғыш)
да­на
1
24
Үш фа­за­лы көп та­риф­ті жиын­тық­та­ғы Да­ла элек­трон­дық есеп­те­гі­ші
да­на
1
25
Тур­ни­кет
да­на
1
26
Крон­штей­ні бар кө­ше ка­ме­ра­сы
да­на
9
27
COP DVR 162M цифр­лық бей­не­тір­ке­уі­ші, 16 ар­на­лы, 500 Gb (бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі)
да­на
1
28
Экс­тен­дер
да­на
1
29
Ка­би­нет­ке ар­нал­ған пер­де­лер (ші­л­тер пер­де)
да­на
1
30
Қа­был­дау бөл­ме­сіне ар­нал­ған пер­де­лер
да­на
1
31
Жа­лю­зи
жиын­тық
1
32
Ла­зер­лік прин­тер
да­на
1
33
Көп­функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы (прин­тер)
да­на
1
34
B205NI мо­но­хром­ды көп­функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы­сы
А4 B205NI (2020) (прин­тер)
да­на
2
35
Ricoh LE SP C360DNw тү­сті прин­те­рі
да­на
1
36
XEROX B205NI мо­но­хром­ды көп­функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы­сы (прин­тер)
да­на
2
37
Pantum P2500w прин­те­рі
да­на
11
_______________________

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-12-жолмен толықтырылсын:
«236-12. «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 408-1-жолмен толықтырылсын:
«408-1. «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

3 3. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
___________________________

Қолданыстағы