Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Ресурсный центр по работе с молодёжью» отдела внутренней политики акимата Чингирлауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Ресурсный центр по работе с молодёжью» отдела внутренней политики акимата Чингирлауского района
- Атауы (қаз.)
- Шыңғырлау ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 22.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2024 192923_682575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24ZM00008A
- ЭКБ идентификаторы
- 192923
- Редакция идентификаторы
- 192923_682575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:27
0 Шыңғырлау ауданы әкімдігі
аудандық ішкі саясат бөлімінің
«Жастармен жұмыс жөніндегі
ресурстық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі қызметкерлерінің
лауазымдық айлықақыларына
ынталандырушы үстемеақылар
белгілеудің тәртібі мен шарттарын
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2 2. «Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Шыңғырлау ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
Шыңғырлау ауданы
Әкімдігінің
2024 жылғы «22» қаңтардағы
№ «8»
қаулысына қосымша
Шыңғырлау ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Шыңғырлау ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және Шыңғырлау ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
3 3. Мемлекеттік басқару органы – жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
4 4. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
2 2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
5 5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
6
6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
7
7. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т. б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.