Құжат мәтініне өту

Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы

Қаулы · № 10-6 · қабылданған 25.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19293/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 10-6 ·25.03.2004
12.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 10-6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10-6
Қабылданған күні
25.03.2004
Көрсетілген редакция
12.03.2008 · қолданыстағы 19293_209061.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04BO002388
ЭКБ идентификаторы
19293
Редакция идентификаторы
19293_209061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:18

0 Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабындағы 1 тармағына, 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысына байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеудің Ережелері бекітілсін (1 қосымша).

2 2. Тоқсан сайын материалдық қаржымен қамтамасыз етудің мөлшері 6,5 айлық есептеу көрсеткіштерімен бекітілсін.

3 3. Осы Ережелер 01.01.2004 ж. бастап қолданылсын.

4 4. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап күшіне енеді.

5 БЕКІТІЛГЕН

Қорғалжын аудандық
мәслихатының
N 10/6 25.03.04 ж
шешімімен
Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға
материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес әзірленген және үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.

1 1. Жалпы Ережелер

1 1. Материалдық қамтамасыз етуді алуға, үйінде мүгедек бала оқытылып, тәрбиеленетін отбасылары құқықты.

2 2. Мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету отбасының кірісіне немесе басқа да көмек пен жәрдемақы түрлерін алуына тәуелсіз тағайындалады және төленеді.

2 2. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау тәртібі

3 3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, мүгедек баланың тұратын жері бойынша, баланың ата-анасының біреуінің, не оны ауыстыратын азаматтық (қамқоршысының) берген өтінішіне сәйкес жүзеге асыратын уәкілденген органмен жүргізіледі.

Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

1 1) отбасының құрамы туралы анықтама;

2 2) баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі

3 3) баланың мүгедектігі жөніндегі МҒСБ қорытындысының көшірмесі;

4 4) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы;

5 5) оқу мекемесінің баланың үйде оқытылатынын растайтын анықтамасы.

4 4. Мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, өтініш жасалған ағымды тоқсанның айынан бастап жүргізіледі.

3 3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу тәртібі

5 5. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу тоқсан сайын тағайындалған соманы өтініш берушінің жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы